Сникерс торт!

Сникерс торт!
жеке
блог


Сникерс шоколадын білмейтін адам жоқ шығар. Оны сүйіп жейтіндер қаншама. Бүгін назарларыңыз-ға сол Сникерстің торт түрін 
ұсынбақшымын. 
Құрамы: 
Жұмыртқа — 4 дана 
Қант — 1 стақан 
Сүт — 1 стақан 
Сұйық май — 1 стақан 
Какао — 3-4 қасық 
Ұн — 1,75 стақан 
Ванилин — 0,5 шай қасық 
Разрыхлитель — 1 шай қасық 
Арасына: 
Варенка — 1 қаушақ 
Жер жаңғақ арахис — 250-300 гр 
Үстіне: 
Шоколад — 100 гр 
Сүт — 0,5 стақан 
Сары май -100 гр 
Жұмыртқаға қант қосып миксермен 5 минут көпіртеміз 
үстіне сүт + май + какао саламыз 
ванилин + разрыхлитель саламыз 
ұн саламыз 
формаға құйып, 170-180 дәрежеде 40-45 минут пісіреміз. 
Жаңғақтарды алдымен таза табаға салып отта қыздырып қуырамыз, сол кезде қабықтары тез ашылады 
пісірген коржымызды суреттегідей кесеміз 
ортасын ойып, астын қалдырамыз 
ойып алғандарымызды жаңғақпен варенкамен араластырамыз 
қайтадан орнына саламыз 
қақпағын жауып, үстіне сұйық шоколадты төгу үшін шоколадты микротолқынды пешке салып ерітіңіз немесе отқа бір ыдыс қойып су қайнатып, оның үстіне тағы бір ыдыс қойып, ішіне шоколад салып, сары майды салып ерітіңіз, ерігеннен кейін сүт қосып сұйылтыңыз. Сөйтіп үстіне құйыңыз! 
Ас болсын!