Жоғарғы мектеп шәкірттерін толғандыратын мәселелер

Жоғарғы мектеп шәкірттерін толғандыратын мәселелер
жеке
блог

  Қазақстан жерінде орта ғасырлардың ерте кезінде-ақ көптеген мектептер мен медреселер бар болатын-ды. Ертедегі Сайрам, Тараз, Исфиджаб, Түркістан, Отырар т.б. қалалардағы медреселер саны 84ке жеткен. Сол дәуірдің қиыншылықтарына қарамастан, өмірге дара әрі дана тұлғалар келген.

Қазіргі уақытта көркі көз тартарлық, сыныптары жаңа технологиямен жабдықталған атағы дардай оқу орындары жетерлік. Соның бірі әрі бірегейі - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. 180 сала бойынша мамандар даярлайтын университет тарихы сонау 1934 жылдан бастау алады. Мен де осы жоғарғы оқу орнының студентімін. Мен журналистика факультетінде оқимын. Университеттің дамуына үлес қосқысы келетін студент ретінде мені толғандыратын бірнеше мәселелер бар. Мәселен, студенттердің оқу пәдерін еркін таңдау құқығының жоқтығы. Нақтырақ айтар болсам, өз басым журналистика факультетіне бар ынтаммен қалап келдім. Сол себепті маған мамандығыммен байланысты пәндер қызықты. Алайда, осы уақытқа дейін мен психология, құқық, философия, жаратылыстану, информатика секілді пәндерді де оқыдым. Осы тұста көңіліме қаяу түсіретіні - мен аталған пәндерді еріксіз оқыдым. Себебі менің пән таңдау құқығым жоқ. Бұл - бірінші мәселе.

Екінші мәселе - емтихан. Студенттер екі аралық бақылау уақыты бойы оқыған-тоқығанын жазбаша түрде яки тест түрінде тапсырады. Жазбаша емтихан, тест - студенттің білім деңгеінің айқын көрінісі емес. Себебі айлакер адамның амалын тауып, жақсы жазуы д ғажап емес. Егер, бір сәт ойнланар болсақ, бір мұғалімнің ұзақ уақыт бойы оқытқан, үйреткенін бір күнде, тіпті 1-2 сағат ішінде өзге мұғалім тексереді. Оқытушы қай тақырыпты қандай әдіспен қалай түсіндіргенін білмей, тексереді.

Ендігі мәселе - шәкіртақы (стипендия). Мемлекеттік грантта оқитын студенттерге ай сайын 20 000тг стипендия беріледі. Доллар бағамы көтеріліп, ұлттық валютаның инфляция мен девальвацияға ұшырап, тауар бағасы күрт көтерілетін елде, бүгінде 20 000тг аздық етеді. Қарапайым мысал ретінде азық-түлікті алайық. Қазақстандағы азық-түліктің орташа бағасы: Күріштің келісі - 212тг, тауық жұмыртқасының он данасы - 260тг, жүзімнің келісі - 512тг, сәбіздің келісі - 110тг, сиыр етінің келісі - 2320тг, жылқы еті - 2670тг, тауық еті - 1730тг. Міне, енді 20 000тг қайда жұмсау керектігін ойлану керек. Жоғарыда аталған проблемалар білім сапасына да кері әсерін тигізуі ықтимал. Сол себепті алдағы уақытта аталмыш мәселелер өз шешімін табады деген үміттемін.