Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Сіз кімді ойлайсыз?

Сіз кімді ойлайсыз?

Сіз кімді ойлайсыз?

Ой - кез-келген нарсе, не адам туралы пікір қалыптастырушы. Біз жиі не туралы ойласақ, соны жиі есімізден шығармай, уайымдайтынымыз анық. Кей кездері бір сәтке болсын ешнәрсені ойламай ең болмаса 1 минут та отыра алмайсың. Неге олай екен? Адам миына арналған демалыс мүлдем болмайтын шығар.

Мен, өмірдің өзін ойлаймын. Ондағы адамдардың іс-әрекеттері , адами құндылықтардың бағалануы мен жақындарымның жағдайы мені толғандырады. Кей кездері өз басымдағы мәселелерді шешуге қиналып жүргенде, өзгелердің жағдайын ойлап кететінім де бар.  Осы біреулер өзгеден бұрын өзін алдыға қойып, тек өзінің жағдайын күйттеумен болады. Ал менің ойымша адамдар тек қана өздерін ойлағандықтан да өмір қатігезденіп барады. Адам өзін өзгенің орнына қойып көргенде ғана оның жайын түсінеді деген рас екен. Сіздің жасаған жақсылығыңыз дәл сол адамнан қайтпаса да, Алладан қайтатын ұмытпаңыз.

Мектепте оқып жүрген кезім еді. Өмірімдегі ең қызық кезеңдердің бірі болған шақ қой, шіркін. Сыныбымыз белсенді, тату, әрқашан бірге жүріп шешім қабылдайтын еді. Бірақ сыныптағы адамдар өзгерген кезде, бәрі бірдей өзгеріп кетеді екен. Енді есейіп өзімізше өзімізді ересек санап жүрген кез еді(қазір сол кездерді ойласам күлкім келеді). Бірде 7 сыныпқа көшкен кезде сыныбымызға  бір қыз көшіп келген болатын. Әрине, ол өзін ыңғайсыз сезінбесін деп өзіме жақын тарттым. Бірге күліп-ойнап жүретін едік, солай мектепке де сіңісіп кетті. Мен сыныптағылардың сыныптағы "Мать Терезалардың" бірі едім десек те болады (бензин құятын жер секілді, көліктер келіп өздеріне қажетті мөлшерде май құйып алып оталып кететін). Міне, солай уақыт өтіп ата-анам Назарбаев Зияткерлік Мектебіне түсіп көрсеңші деп емтихан тапсыртқан болатын. Балалық па, әйтеуір сол бір ескі, кішкентай мектепті қимай жүрмін өзімше. Содан, емтиханнан жоғары балл жинап жаңа мектептің табалдырығын аттадым. Жаңа өмір. Бәрі қызық. Ерекше. Бірақ... 

Кешегі күні бірге ойнап, бірге үй тапсырмасын орындаған достарым жоқ. Өзіңді біртүрлі сезінеді екенсің, жетістікке жеткенде жақыным деп жүргендердің жоқ болғаны қалай?! Неге екені белгісіз әлгі құрбым мені көріп тұрып амандаспай кететін болды.

Мен өміріме ризамын! Соншалықты көп өмір сүрмесем де, өмірде көріп түйгенім мол десек те, болады... (жай замандастырыммен салыстырмалы түрде дегенім ғой) Бүгінде адамдарға бауыр басуға болмайтындығын түсіндім, өмірде ең ең ең жақын дейтін дос болмайды екен, тек жаныңды ұғынатындар кездесуі мүмкін.  Міне, сондай адамдар біз үшін қымбат. Сондықтан, өмірде көп нәрсені ойлап бастарыңызды қатырып жібермеңіздер, тек біреулер жүрегіңізге қаяу салып жатса, өмірге бейтарап қарау керек екенін ұмытпаңыз)

118 1
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 02 наурыз, 12:46
Тегтер: достық, ойлар, жақындар
Пікірлер
+1
02 наурыз, 21:59

күштіііі.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...