Жақсылық пен мейірім

Жақсылық пен мейірім
жеке
блог

Қалада туысқандарың бар болғаны жақсы деп ауылдағы әке-шешеміз қатты куанып жатады.Менің туыстарым басқалар айтатын "біреудің үйі бәрібір жақтырмай қуып салады" - деген сөздері маған түкте күмән алып келмеген еді.Расында да солай болып шықты,ішкі түйсігім жамандықты сезбеді.Қалаға оқуға түсіп жатақxанаға шыққанша 15 күн шамасындай сол үйде тұрақтадым.Ал,қазір жатақxанада тұрамын.Ең қуантатыны маған қатты үйреніп қалған жеңгем де ата-әжемде әр апта сайын мені іздеп,үйлеріне шақырады.Үйге келсен жеңгем қолынан келгенінше түрлі тағам дайындап,дастарқанды жайнатып отырады.Ата мен әже де қарның ашқан шығар отырып жеп ал деп күліп,еркелетіп отырады.Бір күн қонып ертесіне жатақxанаға кетейін дегенде өзіме қоса уйде бар көкөністер,кампотты қолыма ұстатып жібереді.Менің былай алып қарағанда қатты жақын туыс емес,бірақ та жақын ұстап тұтып қамқор болу ең керемет бір мақтаныш деп есептеймін.Егер де мен де үлкен болсам жақсылығымды 2 есе қайтарамын деп армандаймын.