ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 4.

ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 4.
жеке
блог
4-ші бөлім.

30-шы желтоқсан 
Үйдегілерге жаңа жылға сыйлық жасаймын. Мысықты бір апта сипалаймын, итке бір апта массажға тегін абонемент ( массаж жасаушы мен ), үйдің егесіне тығып қойған неке жүзігін қайтарып берем. 

31-ші желтоқсан 

12:40 
Жаңа жылға дайындалып жатырмыз. Мысық үйдегілерге көмектеспек болып  картоптың қабығын аши алмай былай былай аунатып жүр. Үйдің егесі оны картоппен ойнап жүр деп ойлап басынан бір қойды. ƏҺƏҺƏҺ. 

15:30
Үйге əлгі еркек келді. Ол сырт киімін шешіп жатқан кезде шампанды шайқап қойдым. Барлығымыз тамаққа отырдық. Мысық өз ыдысынан, ит өз ыдысынан, ал мен үйдің егесі мен əлгі еркек отырған үстел басына жайғастым. Бəрі мені күтпей тамақты бастап кетіпті. Негізі бұл үйдің жасы үлкені мен ғой. 

15:35
Əлгі еркек шампанды ашып жатқан кезде тығыны(пробка) маңдайына тиді. ƏҺƏҺƏҺ.

15:50 
Мысық маған келіп "жаңа айнаның қасынан өтіп бара жатсам бір мысық тұр, жақтан бір тығып ұйықтатыпцағансцңғо" деп қояды. Өтірікші. Жалпы оған айнаға қараса өзін көретінін айту керек еді. 

16:00 
Мысықпен мультфильм қарап отырдық. Мысыққа "Алдар көсе қазір байды алдап кетеді" десем, ол "алдай алмайды" деді. Екеуміз бəстестік. Менің айтқаным болды. Оған "бəсті ұмыта сал, мен бұл бөлімін көріп қойғанмын" деведім, ол "менде көргенмін бұл бөлімін, бірақ бай бір рет алданған соң екінші рет дəл солай алдауға жол бермейтін шығар деп ойладым" дегеніше. Топас.

16:30
Мысық өзінің алдында болған матчтан кейін Ман ситиге емес, Лестерге жанкүйер екенін айтты. Глор.

20:15
Əлгі еркек үйдің егесіне алтын білезік сыйлады. Жақсы болды ғой, қолым қышып жүрген еді. Сосын мен ұрлықшы емеспін, жəй заттың егесі затын жоғалтып алмай тұрып ол затты тауып аламын. 

23:55
Назарбаев тілек айтып жатыр.

00:01
Алақай жаңа жыл.

03:00
Мысық ашыған сүтке мас болып алып итке "Э сен мені кəнкретна сыйлайсыңба сыйламайсың ба?" деп миды ашытты. 

04:00
Ұйқтайын деватрқ 

1-ші қаңтар 
Мысықпен сулифа ойнадық. Ол қағаздан басқа ештеңе істей алмайды.
 Қызық емес.

6-шы қаңтар 
Үйге Күлəш келді. Ауылдан қазы, құрт, сүт, майын алып келді. 

12-ші қаңтар 
Бүгін үйдің егесінің құрбысы келді. Мысық пырылдап қасына барып еді, мысыққа аллергиясы бар екен. ƏҺƏҺƏҺ. 

13-ші қаңтар 
Мысық гəккуден найнти уанның клипін қарап отыр еді, Күлəш "Мынау небəле қатынба еркекпа" деп арнаны ауыстырып, "Анандиге" қойыпцады. Мысық Күлəшқа "хейтер" деп ашуын білдірмек еді, аднакы оны бұл үйде ит екеуміз ғана түсінеміз.

14-ші қаңтар 
Мысық пен итті күрестірдім. Ит "мен күреспеймін болды. Мысық қатын сияқты тырнай береді" деп кетіп қалды. 

15-ші қаңтар 
Түнде бір жиһазға аяғымды ұрып алдым. Мен жүретін жолдан ауыстырып, басқа жерге қойдым. Азанда оны көріп бəрі аң таң. 

16-шы қаңтар 
Итті далаға шығарып келді. Ит үй жақтағы аумақ маған тиесілі деп əр жерге белгі қалдырып жатып зәрі таусылып қалыпты. Келесі жолы көбірек су ішіп шығатынын айтты. 

17-ші қаңтар 
Түсімде əжетхана көрсең жаман екен. Соның кесірінен ит таяқ жеді. 

4-ші бөлімнің соңы.
 
Жазба Вконтакте желісіндегі "Ғалымжан мен Сағынтай #ҒМС " https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер!