ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 3.

ҮЙ ЕЛЕСІНІҢ КҮНДІЛІГІ 3.
жеке
блог

Үй елесінің күнділігі. 3-ші бөлім 

28-ші қараша 
Бүгін үйге қайтып келдік. 

29-шы қараша 
Бүгін мысықпен теледидар қарап отырдық. Түнгі студияға Елбасы келді. Мысық Елбасын көріп саясат туралы əңгіме айтып кетті. Саясат туралы таксовать жүргендердің өзі біздің мысық сияқты айта алмайтын шығар. 

1-ші желтоқсан 
Қыс басталды. Мысық екеуміз жаңа жылды қалай өткізетінімізді жоспарлай бастадық. Қата ретінде ас бөлмені пайдаланатын болдық. 

3-ші желтоқсан 
Көрші келіп мысықтың тамағын беріп, жуындырып кетті. 

4-ші желтоқсан 
Түнде мысыққа ветеринар туралы қорқынышты оқиға айтып бердім. Жарықты жағып қойып ұйқтаймыз деді. 

5-ші желтоқсан 
Мысықты тамақтандыруға көрші келді. Өзім тамақтандыра саламын десем сонша бақырғаны несі ? 

6-шы желтоқсан 
Ертең үйдің егесі келеді. Оның бөлмесін шашып тастадым, бəрібір таяқты мен жемеймін ғой. 

7-ші желтоқсан 
Бүгін үйдің егесі келді 

8-ші желтоқсан 
Үйдің егесі алдындағы еркекке тұрмысқа шығады екен. Ақренеть. 

9-шы желтоқсан
Əлгі еркек жақында құда түсіп келетін болды. 

10-шы желтоқсан 
Мысық екеуміз бұл тойға қарсы соғыс ашпақпыз. Ит соғыспайтынын айтты. Ол дзенді толықтай меңгеріп жақында нирванаға өтетінін айтты. Мен итті мұсылман шығар десем, ол буддист екен. 

11-ші желтоқсан 
Бұл соғыста кім басшы болатынын шешіп алмақ ретінде анонимді түрде дауыс бердік. Мысық бір дауыс, мен бір дауыс жинадым. Мысық "бұл соғыста мен басшы болуым керек, өйткені адайлар нағыз батырлар" деп өзін ұсынды. Оның адай екенін білмеппін. Органдағы адамдардай "даусыңды маған бермесең үйдің егесі жоғалтып алған бұйымдарын сенің жататын жеріңнен тауып алуы мүмкін" деп мысыққа қоқаңлоқы жасадым. Бəрі өзгеріп мен екі дауыс, мысық ноль дауыс жинады. Бəсе. 

12-ші желтоқсан 
Əлгі еркек үйдің егесіне неке жүзігін сыйлады. Мен оны тығып тастадым. Мысық тағы таяқ жейтін шығар. Енді соғыста жарақат алмаса оның несі соғыс. 

16-шы желтоқсан 
Бүгін құда түсіп келді. Мен үйдің егесінің қасына отырып алдым. Кеше горох жеген едім, дауыстап жел шығаруға тура келді. Жағымсыз иіс пен дауыстан кейін құдалар үйдің егесіне қарап қуеть етіп қалған сияқты. 

17-ші желтоқсан 
Той қаңтарда болатын болып келісті. Соғыста жеңіліп келеміз. 

19-шы желтоқсан
Аяз атаға хат жаздық . Мен өзіме жаңа дəптер, мысық өзіне ойнауға тоқыма жіп, ит өзіне суға түскенде пайдаланатын сары ірзеңке үйрек сұрады. Екеуіне қарасам ер жеткен жануарлар, бірақ сұрап тұрғандары анау балаға ұқсап.

21-ші желтоқсан 
Үйде жарық өшіп қалды. Үйдің егесі свеча жағып қойды. Мысық оттан қорқады екен. Ит оған "от біздің өмірімізде маңызды роль атқарады" анау мынау деп тағы будданың бірдемелерін айтып кетті. Мысықты өз дініне тартып алмаса болар еді. 

3-ші бөлімнің соңы.

Жазба Вконтакте желісіндегі "Ғалымжан мен Сағынтай #ҒМС " https://vk.com/gms_kz сайтынан алынды. Қатты сөкпеңіздер!