Қазақпыз ғой...

Қазақпыз ғой...
жеке
блог

Сан ғасыр бойы көптеген қиыншылықты,қайғы-қасіретті,тарихи төңкерістерді бастан кешірген қазақ халқының қанындағы қасиеттер қайдан келді?

Өзіне ешқандай шаң жуытпай кез-келген кемшілігінен "қазақпыз ғой" деп құтылатын мінсіз қазақтың бойынан кездесетін бірінші кемшілік-жалқаулық.Қорасына сәл мал біте қалса болды кеудесін көтеріп,тірлігін тоқтатып,аяқты аспанға көтеріп жатыпішер атанады.Жинаған мал-мүлкі бүкіл ғұмырына жететіндей беймарал күйде күндерін өткізе береді.Осылай жиған-тергеніне мәз болып жүретін қазақтың тағы бір кем тұсы-іштарлық,көре алмаушылық қасиеті.Өзінен өзге биікке шықса аяғынан шалып,балағына жармасып, барынша кедергі келтіріп, өзі жете алмаған жетістікке өзгенің де қол жеткізе алмағанын қалап тұратын қазақтың осындай  қасиеттерінің кесірінен кезінде елімізде сатқындыққа,қиянатқа жол берілгені мәлім.Жаугершілік замандарда ауызбіршілік,ынтымақ жетіспеген батыр қазақтың қақтығыстарда жеңіліске жиі ұшырап,қиындықтан көз ашпағандығын да айта кетуге болады.Біз өзгенің жақсы тұстарын көре алмасақ,қыстың қамын жазда ойламасақ қарқынды дамып келе жатқан елдерден көш кейін қалып қоюымыз әбден мүмкін.Сөйтіп сүйегімізге сіңген мінездердің салдарынан тәй-тәй басып келе жатқан мемлекетіміздің болашығана балта шабылуы әбден мүмкін.Сондықтан уақытымыздың басым бөлігін еңбекке арнап,арамыздан шыққан дарындыларды әрдайым даралай білейік!