"Баяғыда бір түп алма ағашы болыпты..."

"Баяғыда бір түп алма ағашы болыпты..."
жеке
блог

    «Баяғыда бір түп алма ағашы болыпты. Ол әбден жемістері көбейіп, үлкен болып өскен тұста: «Енді қожайыныма бұдан да көп алма берсем»  деп армандаған  екен. Бірақ  бұтақтары…»

Міне, осы аңызды арқау еткен пьесаның қазақ театрына көптеген жылдар бойы азық болып келе жатқандығы белгілі.

  Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Жеке адамның бойындағы ар-ұятын,ақыл ойын,адамгершілігін,мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті,басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Яғни,сюжеттік қойылым әркім өз тұрмысын күйттеп кеткен бауырлар жайында.Күйттегені соншалық, ауылдағы қарт анасы мен мүгедек бауырларын естеріне алуға мұршалары болмады.Мүгедек бауырының өтініш жасап сұраған нәрсесін әкеліп бермегендерінен-ақ олардың арасындағы бауырмалдылық сезімінің ізі де көрінбейтінін аңғаруға болады.Спектакльдің негізгі берер ойы – мейірімділік. Әсіресе, бүгінде әрқайсысының санасын тұрмыс билеп, өз отбасын құрып үлгерген көп балалы отбасыдан тараған бауырлардың бір-біріне, қоғамға деген мейірімсіздігі. Қарасаңыз, ауылдағы ана мен мүгедек баланың психологиясы бір бөлек те, тұр­мыстағы қыздар мен күйеубаланың, қала­дан келген ұлдың психологиясы бір бөлек. Сан түрлі мінез-құлық иелерінің тұрмыс­тық қажеттіліктен аса алмауы кө­рерменге көп ой салады. Кінә арту, өкпе-ренішін жеткізу секілді арзан құндылықтар алдың­ғы орынға шығып кеткен. Ал Ана мен ауылдағы бауырдың ойында не бар, олар нені аңсайды, бауырларынан не күтеді деген ұғымдар жоқтың қасы. Бұл спектакль – өмірдің нақ өзі! Өмірдің алуан-алуан қиындықтарына қарамастан, әрбір саналы адам қоғамдағы, отбасындағы өзінің рөлін ұмытпауы тиіс деген игіліктен туған дүние. Пьеса тағ­дыр­­мен күресу үшін таусылмас күш, тал­мас қажыр-қайрат керектігін көрерменге ұқтырғысы келеді.

     Режиссер қойылымды жасау барысында музыкаға баса назар аударған.Олай деуіме себеп,заманауи  музыкаларды қою арқылы қойылымды бүгінгі заманға әкелсе, ондағы кейіпкерлер диалогы арқылы оқиғаның сонау 80-жылдары жүзеге асқанын аңғаруға болады. Соған қарай отырып, қойылым мезгілі туралы ойлар қақтығысы туындады.

 Спектакльдегі ойды анық ашу мақсатында ондағы декорацияның да аз рөл ойнамайтыны белгілі. Бұл орайда қоюшы суретші сахнаны ақ түспен көмкеру арқылы мүгедек бала мен оның анасының   рухани тазалығын көрсеткісі келген. Үстіне жапырақ төгілген ақ маталар арқылы біріншіден,шатыр ретінде жаймашуақ жаздық шай ішетін орынды бейнелесе, екіншіден, спектакль финалында мүгедек баланың о дүниелік болған тұсында ақ матаны барлық заттардың үстіне жабу арқылы қаралы хабар жеткізеді. Тіпті жердегі сыпырылмаған жапырақтар арқылы анасы екеуінің соншалықты қорғансыздығын, нағыз еңбек жасында мүгедек болып қалған жігіттің шарасыздығымен, анасының бойынан күш қуаты қайта бастаған қарттығынан хабар береді.

  Мені ойландырғаны,Мақсатты не себепті мүгедек етіп көрсетті?Ондағы мақсат қандай?Режиссердің тапқырлығы ма? Тапқырылықтан бұрын көрермен тарту үшін жасалған қулық ретінде қарастырғанымыз дұрыс болар. Себебі, бұл қойылымда мүгедек бейненің атқарып тұрған рөлі жоқтың қасы.Негізінде,Мақсатты ауылда жоғары сыныпта оқитын,әлі үйлене қоймаған жас жігіт етіп көрсетсе де,қойылымның құрылымы бұзылмас еді.