"Допинг" фильмі туралы не білесіз?

"Допинг" фильмі туралы не білесіз?
жеке
блог

   «Допинг» - бұл велоспорт тарихындағы ең танымал, ең атышулы тұлға американдық шабандоз Лэнс Армстронг туралы түсірілген биографиялық фильм. Киноны Англия мен Франция мемлекеттері қосылып түсірген және 2015 жылдың соңында жарық көрген. Режиссер-Стивен Фрирз, басты ролде-Бен Фостер Лэнстың образында.

 Чемпион. Қаһарман. Өтірікші

  Менің айтарым, осындай жоғары деңгейлі актер өзіне жүктелген міндетті өз деңгейінде алып шықты.Себебі, биографиялық фильмде образды ашу қиынның қиыны. Ал Фрирз болса атаққа берілуде де, бейкүнә жанның ролінде де, адал дос, өтірікші әріптес ролінде ешбір кемшілікке бой бермейді. Жалпы кино осындай қасиеттерге толы философиялық оймен басталады. Яғни, ғасырдан астам тарихқа толы «Тур де Франс» жарысында азапқа бергісіз ауыр жарыс жолы, әртүрлі жарақаттар жоғар өрлеу мен төмен құлдилаудың арасы Лэнстың жаттығу жасауы арқылы болашақтағы арманы туралы көрініс береді. Айта кетейік, бұл жерде біз Лэнс Армстронгтың өмірі туралы емес, өміріне арнап түсірілген фильм туралы пікір айтатын боламыз. Енді нақтылы пікірлерге дәлірек тоқталсақ, түйген ойларға кезек берсек.

 Армстронг

  Ең алдымен сын киноның сценарийіне тағылмақ. Себебі, әрбір көрініс бірдей көлемде қысқа уақытты қамтиды.Бұл анық білінеді және кейбір эпизодтарда бұл артықтық немесе кемдік етеді. Яғни керек жерін созып жібереді әлде керісінше болады. Екінші келіспейтін тұсым мұнда әйгілі спортшының қайырымдылығы адами құндылықтарының кейбір жерде өз деңгейінде көрсетілмеуі. Иә, ол қаншалықты өтірікке құрылған спорт мәнсабын бастан өткерсе де өзі секілді обыр ісігіне шалдыққан жандарға үміт сыйлап арнайы ұйым құрғаны,арнайы акциялар ұйымдастырғаны ат үсті көрсетіліп, оның қаржылай көмек беруімен көрініс табады. Одан бөлек Лэнс жарыстарда жалпы командада белсенді болғанымен,кино картинада осы тұсы тым әспеттеліп көрсетіледі. Яғни командаға қандай шабандоздар керек екенін өзі таңдауы, кейбір мәселелерді  талқылымай өзі шешуі сценарийдегі оның ролін жоғарылатып көрсеткендей.

   Астана про тим

   Ал келесі сын мені қатты толғандырғаны болды. Бізге Л.Армстронгтың өз мінсабын аяқтар тұсында сол кезде енді құрылған елордалық  «Pro team Астана» вело командасында өнер көрсеткені мәлім. Енді фильмда осы жерлері тек жанама көріністерде ғана көрсетіледі. Ал сол кездегі біздің ұжымның көш басшысы болған испандық Альберто Контадордың образы дұрыс ашылмаған және эпизодтардың бірінде Альбертоның Лэнспен бірге өнер көрсеткісі келмейтіні ашықтан-ашық айтылады. Бұл қадам режиссер тарапынан спорттың бәсекеге толы екенін көрсету үшін, былайша айтқанда соңғы интриганы ашушы ретінде қосылған жасанды көрініс. Ал шын мәнінде ол екі әріптес бір-бірі туралы жақсы пікірде болған. Бұны қосу себебі мынада болуы мүмкін бас қаһарманның образын ашу үшін бұрмалау жасау. Бірақ тарихи шындық пен фактілер көрсетілген жерде бұндай әрекетті қолдануды дұрыс көрмес едім. Кинодағы өзіндік шеберлікпен ашылған бейненің бірі Армстронгтың бағын да ашқан және оны сөндірген ағылшын спорт журналисті Дэвид Уолш болатын. Оның өзіндік зерттеуі параллельді көріністе беріліп бір сарындылық әсерін туғызбайды және шарықтау шегіне әкелетін басты оқиғаға айналады.

 Шынын айту керек, фильм өз мақсатына жетті деуге толыққанды болады. Жалпы мен бұл кино картинаны жағымды қабылдадым.Сіздергеде көріп шығуға кеңес беремін.