Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бұл пост - ерекше емес, тек жанымның ауырғанын айтқым келген...

Бұл пост - ерекше емес, тек жанымның ауырғанын айтқым келген...

Бұл пост - ерекше емес, тек жанымның ауырғанын айтқым келген...

Кейде мен ойлаймын:"Адам өзінің бойындағы сезімді білдірмеу керек, оларды жария етпеу керек. Себебі ол сенің жеке өмірің. Ал сенің өмірің сенен өзге ешкімді қызытырмайды" - деп. Алайда, кей кездерде ішіңе сыймай кететін нәрселер болады. Жарылардай сезім. Құдды бір сол сезім сені бір күні жарып жіберетін секілді. Мен ешкімнен ешнәрсе жасырмауға тырысамын, білесіз бе?! Себебі, ол адамды жегідей жеп өлтіретін секілді. Бірақ өкінетін кездерің де аз болмайды. Сырыңды кім-көрінгенге айта беруге де болмайды екен. Себебі, сенің ағыңнан жарылғаның, құмға құйған су секілді. Алдымен сіңіп кетсе, кейін кеуіп кетеді. Соңғы кездері құпия-сырларым көбейіп кеткен секілді. Сол үшін соңғы кездері жүзімде жиі мұң пайда болады...

 Өмір сүру қиын. Әке-шешең жаныңда болса, ешқандай уайым болмайды екен. Сосын, махаббат – ұлы сезім. Ұмытпаңдаршы, соны!  Ал достық – одан да ұлы. Осы екі сезімді біріктіріп, байлап тұратын – сыйластық. Ей, әлем, мені тыңдашы! Сыйластық болмаса, құрыдым де. Сыйластықсыз мына үлкен ғаламға сыймасың. Тек сыйласа білші. Әсіресе, достар арасындағы сыйластық құрыса, өкінішті. Бұл достықты түп-төркінімен, күлін де қалдырмай жоқ қылып жібереді. Сенің осыдан кейінгі жасаған жақсылықтарың ауадағы бу секілді. Қажет, бірақ байқалмайды. Қолданады, бірақ елемейді. Білесің бе?! Иә, тап солай.

Сіз екі көйлекті таңдағанда қатты қиналуыңыз мүмкін. Екеуі де ұнайды, бірақ қайсысын аларыңды білмейсің. Бірақ бұл тірі жанға қатысты болса, мүлде шешімі жоқ, ауыр сезім. Себебі, екі көйлекті де қолыңда ақша болса, аласың бір күні. Ал тірі жанды, адамды – олай таңдай алмайсың. Мұң. Толғаныс. Күрсіну...

Сіз білсеіз бе, менің жаным ауырады. Бірақ осыны оқып отырған бірде-бір адамға менің өмірім қызық емес... 

196 11
Рейтинг: +2

Жазылған уақыты: 01 наурыз, 16:50
Тегтер: жаным, күрсіну, мұң, ешкім, кеңес, тірі, жанды, таңдау, мүмкін, емес, ұнайды, адам, шынымен осылай.
Пікірлер
+0
01 наурыз, 22:44

Нагып кызык емес? Кейде санага позтивти зорлап киргизуге тура келеди.

+0
01 наурыз, 23:53

мысалы, сіз? қалай позитивті зорлап кіргізе аласыз?

+0
02 наурыз, 00:13

Мен позитивті ойларды УАЛИ KHAN айтпақшы зорлап кіргіземін)))ха ха ха. Мысалы, жабырқап ойыңа жаман ойлар келген кезеде қағазға "Я Смогу. У Меня Все Получится" ... деген сияқты сөздерді жазып оқып отырамын. Кәдімгідей көмектеседі))

+0
01 наурыз, 23:51

Әркім өз өмірінің суретшісі. Басқаларға қызық па, қызық емес пе, оған мүлде бас қатырмау керек! Адамдарға бәрібір. Орысша айтқанда "самостоятельно" болудың пайдасы көбірек, басқаларға сенім артқаннан гөрі.

+0
01 наурыз, 23:54

ол жағын білемін ғой, тек кейде осындай сезім бойлап кететіні бар емес пе...

+0
02 наурыз, 00:07

Сіз қатты қателесесіз))Мысалы маған қызықты, басқа адамдардың сезімін, өмірге көзқарасын, өмір сүруі, барлығы,барлығы.

+0
02 наурыз, 11:48

рахмет сізге көптен-көп

+2
02 наурыз, 00:52

Ия маған сенің өмірің қызық


Емес


Бірақ сен дұрыс ойламай жатсың


Ия өмірде түңілетін кездер болады, ондай кезде өзіңді өзіңнен басқа ешкім түсінбейді





.


Сол үшін қолыңды жүрегіңе қойда , жаман ойдың бәрін ұмытып БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ деп



Жай ғана КҮЛІМДЕ ¯\_(ツ)_/¯



Өмір айна қалай қарасаң солай көрінеді.

+0
02 наурыз, 11:49

рахмет сізге, достарыма да айтып біраз күлімдеп алдық)

+0
13 наурыз, 15:35

Жарайсын Акбаян!Қаламың ұштала берсін!

+0
14 наурыз, 09:00

Рахмет, Индираа)))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...