«Sport Concept Hockey Cup 2017» турнирі

«Sport Concept Hockey Cup 2017»  турнирі
жеке
блог

Бар әлемнің назарын өзіне аудартқан Универсиада ойындарынан кейін Алматыдағы аулалардың бірінде «Sport Concept Hockey Cup 2017» әуесқой хоккейден турнирі өтті. Турнирге Алматы облысы, Қарасай ауданы, Мерей ауылының «Барыс» командасы мен алматылық «Sport Concept» пен «Орбита» командалары қатысты. Біздің жас спортшылар кәсіби спортшылар секілді жақсы ойын көрсетті.

6-12 жас аралығындағы ұл-қыздар мұз айдынында терлерін төгіп, жанын салды. Жанкүйерлер қолдау көрсетіп, жас спортшыларды демеп жатты. Бірінші орынды «Sport Concept» командасы, екінші орынды «Орбита» командасы, үшінші орынды «Барыс» командасы иеленді.

Балалардың хоккей спортына деген ынтасының жоғары екенін байқалады. «Sport Concept» ҚҚ аула спортын дамыту жолында үлкен істер атқарып келеді. Қордың бастамасымен қаладағы біраз аулаларды спорттық алаңдар салынып, мұз айдыны жасалды.

https://www.facebook.com/sportconcept.kz/?fref=ts

http://sportconcept.kz/