Менің көзқарасымдағы: "Үздік 3 бейнебаян"

Менің көзқарасымдағы: "Үздік 3 бейнебаян"
жеке
блог

Эстрадамыздағы ең көп сөз болып, талқыға салынған бейнебаяндар көшін кім бастап тұр?! 

Бұл орынды Мадина Садуақасова иеленді. Жалпы бейнебаян әншіні жаңа қырынан көрсетті. Есте қалатыны Мадинаның образы. Нақтырақ айтсақ, ерекше көйлектері. Сонымен қатар, түсірілім алаңы сәтті таңдалған, бишілердің биі, қолданған декарация әннің табиғатына сәйкес. Бейнебаянға өзіндік бір әсер берген қарапайым ғана фонарик.



Екінші орынды эстрадамызға енді аяқ басқан сері жігіт Қуандық Рақым еншіледі. Бүгінде "Айырылмай мүлде, Болайық бірге" деп Альбина Шардарамен қосылып айтқан әні хитке айналып үлгірді. Бейнебаянның бір бөлігі жастардың көбісі бара бермейтін кітапханада түсіріліпті. Жалпы, жақсы қыз немесе жақсы жігіт тапқыңыз келсе кітапханаға барыңыз. Кейін бейнебаян Өзбекстан қаласында жалғасын тапса, соңын қыс кезіндегі табиғат пен ғашық жандардың әдемі қылықтарымен аяқтапты. Қуандықтың тырнақ алды туындысы жаман емес. Әншіге шығармашылық табысттар тілейміз.



Сонымен бірінші орынды Қазақстандағы ең көп талқыға түскен "Ninety One" тобы қанжығасына байлады. "Қалай қарайсың" деп аталатын туынды өте ырғақты. Бейнебаянды тамашалаған кезде өзге әлемге тап болғандай боласыз. Түрлі түсті кадрлар, тұман, өрт, салқындық, қараңғылық шынымен де адамға өзгеше атмосфера сыйлайды. 

Сіз үшін қандай бейнебаяндар үздік? Пікір қалдырыңыз!