Ұлы ойшылдың өмір жолы (Дейл КАРНЕГИ)

Ұлы ойшылдың өмір жолы (Дейл КАРНЕГИ)
жеке
блог

Әлемде ұлы тұлғалар мен данышпандар өте көп. Солардың бірі Дейл КАРНЕГИ. Бұл кісіні бірі білсе, бірі білмейді. Өмірінің көп бөлігін өзі ұнатқан ісіне арнаған Дейл, артына өшпес мұралар қалдырып кетті. Бүгінгі жазбам көптеген бестселлерлердің авторы, адамдарды жақсы өмірге жетелеудің жаңа әдістерін жазған Дейл КАРНЕГИ жайлы болмақ.

 Дейл Карнеги  1888 жылы Американың Миссури штатындағы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Дейл жастайынан оқуға құмар болатын. Оның білімге деген құштарлығын жоқшылықта, қиыншылықта тоқтата алған жоқ. Өз білімінің арқасында колледжге түседі. Күндіз колледжде білім алып, түнде фермада жұмыс істейді. Сиыр сауады, шошқаларға жем беретін, одан соң түн ортасына дейін сабақ оқитын. Осылай қайталанып айлар мен жылдар өтті.

Дейл өзін шешендік өнерге баулып, пікірталас клубына жазылған еді. Азғана уақыттың ішінде өзінің көптеген қатарластарын пікірталастарда жеңе бастайды. Осының нәтижесінде болашақ студент шешендік өнерге баули алатын қабілетке ие болады.

Алайда, колледжді бітірген соң, Дейлдің оқытушы боламын деген арманы көкке ұшты. Оған себеп, өзі тұратын жердегі адамдар оған қарсы болады, және басқа курстарға жазылуға кеңес береді.

Осылайша ол басқа жұмыс іздей бастайды. Көптеген кәсіппен айналысып көреді. Сату жөніндегі агент, курьер, тіпті актерда болып көреді. Осы уақыт аралығында оның жазушы және оқытушы боламын деген арманы әліде өшпеген болатын. Осы жолы ол, Нью-Йоркте шешендік өнерге баулитын курс ашуға бел буады. Ол кездері мұндай курстар жоқтың қасы болатын (1912 жыл). Көпшілік мұндай курстарға ешкім қызықпайды деп есептейтін. Бірақ, Дейл өз айтқанына қайтпады. Осылайша  курс ашылып, аз уақыттың ішінде көптеген жетістіктерге жетеді. Мұндайды ешкім күтпеген болатын! Дейл Карнеги жайлы әңгімелер көптеген қалаларға жайыла бастайды. Осыған байланысты Дейл өзінің оқыту бағдарламасын жасайды.

Біраз уақыт өткен соң, курстардағы сабақтарды жалғастыру үшін кітап керек болады. Алайда, АҚШ-та мұндай кітаптар мүлдем жоқ болып шығады. Сол кезде Дейл Карнеги кітаптарды өзі жазуға кіріседі. Осылайша, өмірге жаңа кітаптар келе бастайды, бастапқы кезде олар сатылымға арналмаған болатын. Бірақ, уақыт өте келе олар бүкіл әлемге танымал бестселлерге айналады. Дейл Карнегидің танымал кітаптары: «Как приобретать друзей и оказывать влияние на людей», «Как выработать уверенность в себе и влиять на людей, выступая публично», «Как перестать беспокоиться и начать жить».

ХХ ғасырдың 30 жылдары Дейл КАРНЕГИ АҚШ-тағы танымал адамдардың біріне айналады. Ол, әлемнің көптеген елдерінде филиалдары бар Дейл Карнеги университетінің негізін қалайды.

Дейл Карнеги 1955 жылы ауырып, 1 қарашада көз жұмады. Бірақ, ұлы оқытушы жайлы естеліктер  халықтың мәңгі жадында қалады. Бүгінгі күнге дейін оның есімі ел есінде. Оның жазып қалдарған мұралары әлем халқына әлі күнге дейін өз пайдасын тигізіп келеді.