Ғаламторды қолдану үшін жас ерекшелігі бойынша шектеулердің орнатылуы қажет пе?

Ғаламторды қолдану үшін жас ерекшелігі бойынша шектеулердің орнатылуы қажет пе?
жеке
блог

Қазіргі таңда ғаламтор адамның өмірінде айырылмас ерекше орын алып тұр. Күн сайын адамдар ғаламторды өз мақсаттарында қолданып жүр. 21 ғасырдың қарапайым адамы өз өмірін ғаламторсыз елестете алмайды. Ғаламтордың адамға деген ықпалы өте жоғары болып келеді және одан сайын үдей түсуде. Сондықтан ғаламторды тек ой-өрісі дамыған адам ғана қолдануы тиіс, бірақ бұған қарамастан көптеген жас балалар зерделі жасқа жетпей жатып, ғаламтордың қыр-сырын білмей жатып қолданып жатыр. Бұл алаңдық тудыратын мәселе, себебі қазіргі уақытта ғаламторда көптеген лаңкестер балаларға өз қиянаттарын жасап жүр. Солардың айқын бір мысалы болып осы уақытта әйгілі болған  "Көгілдір кит" ("Синий кит") ғаламтор ойыны болып табылады.

Ойын Қырғызстанда басталып, Ресей мен Қазақстанға да жетті.  Көптеген жасөспірімдер мен балалар өзінің Инстаграм және Вконтакте аккаунтарында көгілдір киттің фотосуретін салып, мен ойынға қатысамын деп жариялайды. Ойынның ережелері бойынша белгісіз біреу балаға таңғы 4:20 қоңырау шалып тапсырмалар бере бастайды.  Тапсырмалар саны 50, тапсырмалардың бірі қол үстінен көгілдір киттің суретің кесіп алу еді. Ең соңғы тапсырма өз-өзіне қол жұмсау болып табылады. Ойынның негізгі мақсаты суицидті насихаттау болып табылады.  Лаңкестер жас баланың IP-мекенжайы арқылы оның үйінің мекенжайын біліп алады. Осы ақпаратты қолданып, баланың әлі қалыптаспаған психикасына теріс әсер етіп, баланы суицидқа итермелейді.

Баланың өз-өзіне қол жұмсау себебі өз ата-анасы мен жақындарына уайымдағандықтан пайда болады; лаңкестер баланың ата-анасын өлтіруге дейін баратынын айтып қорқытады, жас бала олардың мүлдем басқа жерде екенін түсінбей, қорқып, өз-өзіне қол жұмсайды. Қырғызстанда өз-өзіне қол жұмсаған балалар саны әлі де болса көбеюде. Қазақстанда да осы ойынға қатысып жүрген екі мектеп оқушысы анықталған еді. Бақытқа орай, оқушылардың екеуі де ойынға қатысып үлгермеді. Сонымен қатар Қазақстанда қайғылы оқиға орын алды, ол жуырда белгілі болған 19 жасар қыздың өз-өзіне қол жұмсауы. Бұдан басқа ғаламторда көптеген алаяқтар да бар, оларға жас бала түгілі, кей-кезде ересек адамның өзі алаяқтың құрығына қалай түскенін білмей қалады.

Ғаламтордың мүмкіндіктерін қолданып, қарапайым халықты алдап жүргендердің саны аз емес, сондықтанда ғаламторды қолдану үшін жас ерекшелігі бойынша шектеулер орнатылуы тиіс. Әрине, әрбір баланың тәрбиесіне оның ата-анасы жауапты, бірақ та мемлекеттен осындай көмек артық болмас еді. Мысалы, егер де балаларға әлеуметтік желілерге тек кәмелет жасқа толған соң немесе зерделі жасқа жеткен соң қолдануға рұқсат етілетін болса, осындай лаңкестердің қитұрқы құрлықтарына түспес еді және зардап шеккендер саны аз болар еді. Жас ерекшелігі бойынша шектеу балаларды тек лаңкестерден қорғамай, сонымен қатар баланың ғаламтор тәуелділігінен сақтап қалады. Ғаламтордың орны әрбір адамның өмірінде ерекше рөл атқаруда, оның пайдасы да зияны да көп, бірақ тек зерделі жасқа жеткен адам ғана пайдасы мен зиянын ажыратып, дұрыс қолдана алады.