Ванганың әлемге жасаған қандай жорамалдары бар ?

Ванганың әлемге жасаған қандай жорамалдары бар ?
жеке
блог

Адамдар арасындағы үрейді көріп­кел Ванганың болжамы басатын сияқты.­ Өйткені ол Майя күнтізбесіндегідей келте қайырмаған. Алдағы үш-төрт мың жылдыққа құрған жоспар-жорамалы­ соны айғақтайды.

2014 жыл – адамдардың басым бөлігі химиялық соғыс салдарынан ірің, қатерлі ісік, тағы басқа ауруларға шалдығады.­

2018 жыл – Қытай жаңа әлемдік держав­аға айналады.

2023 жыл – Жер орбитасы сәл өзгереді.­

2028 жыл – жаңадан энергия көзі пайда болады. Венераға ғарыш кораблі ұшады.

2033 жыл – мұз еріп, әлемдік мұхиттың деңгейі көтеріледі.

2043 жыл – дүние жүзі экономикасы­ көтеріледі. Еуропаны мұсылмандар басқа­руға көшеді.

2046 жыл – кез келген ағза өндірі­летін деңгейге жетеді, ағза ауыстыру ауруды емдеудің таптырмас тәсіліне айналады.

2084  жыл – табиғаттың қалпына келуі.

2088 жыл – адамдарда бірнеше секундта­ қартайып кететін ауру пайда болады.

2097 жыл – тез қартаю процесінің тежелуі.

2111 жыл – адамдар киборгке, яғни тірі роботтарға айналады.

2196 жыл – азиат тектестер мен европалық­тардың араласуы.

2273 жыл – ақ, сары және қара нәсілдің араласуынан жаңа нәсіл пайда болады.

2371 жыл – ұлы аштық.

3797 жыл – жер бетінен жаратылыс иелері түгел дерлік жойылады, бірақ адамзат баласы басқа жұлдызды жүйеде жаңадан тіршіліктің басталуына түрткі болады.

4304 жыл – кез келген ауруды жеңу мүмкіндігі туады.

4674 жыл – өркениет дамудың шыңына жетеді. Әртүрлі ғаламшарларда өмір сүретін адамдардың саны 340 млрд.-қа жақындай түседі.

5079 жыл – адамзат дәуірінің соңғы сатысы.

Болгардың көріпкелі көзі тірісінде 2014 жылғы Ресей мен Украинаға қатысты мынадай болжам білдірген екен: "Сіздер көзі болғанымен көрмейтін, құлағы болғанымен естімейтін адамдарды көбірек кездестіресіздер. Бауыр бауырына қарсы шығады, аналар өз балаларын тастап кетіп жатады. Әркім жалғыз жүріп басын аман сақтаудың жолын іздейді", – деп Ванганың сөзін келтірді оның стенографшысы Бойка Цветкова.

Журналистердің пікірінше, бұл сөздер Украинадағы жағдайдың бұдан да ушыға түсетініне қатысты болып отыр. Осымен бірге, "көзі болғанымен көрмеушілік, құлағы болғанымен естімеушілік" болып жатқан оқиғаларға Батыстың реакциясын білдіреді.

Ванганың: "Біріккен нәрсе бөлікке бөлініп, шашылып қалады. Бұл Ресейдің жанында болады", – деген сөзін бұдан көріпкелдің шаруасына 15 жыл жәрдем берген Витка Петровски жазып алыпты.

Әйел Ванганың өзіне бұл жазуды 2010 жылы жариялап, елге жеткізуді тапсырғанын да айтады. Сол кезде, бұдан 4 жыл бұрын мұны жұрттың бәрі Еуроодаққа санаған екен. Алайда, көріпкелдің бұл айтқаны Украинаны меңзегені енді айқындалып келе жатқан сияқты.

Ванга Ресейдің 2014 жылғы жағдайы туралы да айтқан екен. Ал Қырымның Ресей құрамына кіргенінен кейін болгар көріпкелінің мына сөздеріне де басқаша көзқарас туындап жатыр: "Бәрі өседі, мұз секілді бір ғана нәрсе сол қалпында мызғымай тұрады, ол – Владимирдің даңқы, Ресейдің даңқы. Құрбандыққа тым көп нәрсе берілді. Енді ешкім де Ресейді тоқтата алмайды. Ол өзінің жолындағының бәрін сыпырып өтеді, өзі тек сақталып қана қалмайды, сонымен бірге әлемнің билеушісіне айналады".