Бірдеме істеу керек еді...

Бірдеме істеу керек еді...
жеке
блог

Қазіргі жан - жағыңдағы болып жатқан жағдайларға қарап,министр болуды жауыңа да тілемейтін заман келген бе, деп қаласың?!Кім ақ,кім қара,бұл пендеге емес,Аллаға ғана аян.Бірақ,жаман ғой,ақшаң көп болса да,министр боп жүргенде үйіңе,өзіңе уақытың болмайды,күні-түні жұмысқа берілесің,адал істесең де,жемқор болсаң да,ақыр соңында ұсталасың.Қасықтап жинаған абыройың шелектеп төгіледі.Адал істе бір тиын жемей , біреу келеді де,аяқтан шалады,сосын дәлелдеп көр...

Мемлекетке жұмыс жасаудан көп адамның қашатыны сол-ау.Сосын жастардың көбісі бизнеске кеткісі келеді."Бірдеме істеу керек еді осы",-дейді екі қазақтың басы қосылса.Сөйтеді де қазіргі интернетте толған "бизнес тренингке" жазылады.Айналып келгенде ол да біреудің бизнесі.Билет,кітап,диск аласың...Барлығы ойлайды,тренингке қатыссам,мықты бизнесмен болып кетемін деп.Олай емес қой,әрине.Ол тренинге бармас бұрын,дәріс оқушының "кім",өткен өмірін зерттеп алуың керек.Кім болса соған қатысу,теріс ағым сияқты адасуға әкелуі ықтимал.Тренингке көбіне жұмыс таппай қиналып жүрген адам барады,сол адамның басындағы уақытша сәтсіздікті пайдаланып,бизнес ашудың жолы деп "сетевой маркетингке" кіргізетін жағдайлар жиі болып жатыр.Сосын зомби сияқты жүреді адам тартып...Және сізге дәріс оқитын ұстаз бизнес саласында көпті білетін,банкротты да,қайта көтерілуді де көрген адам болуы керек.Ол практикада да,теорияда да жақсы білсе,міне,сол адам дұрыс жол көрсетуі мүмкін.