Егер сіз дүниеге келмегенде...

Егер сіз дүниеге келмегенде...
жеке
блог

Егер бүгін сіздің туылған күніңіз болса, онда сіздің былтырғы жылғы туған күніңізден бүгінге дейін әлемдегі халық саны кем дегенде 76 млн-ға өсті. Және дәл қазір осы мәліметті оқып отырғаныңызда тағы да 4 сәби дүниеге келді. Ал егер сіз дүниеге келмеген болсаңыз не болар еді?

1.Орташа есеппен алғанда сіз өмір сүретін 70 жыл ішінде 2 560 000 литр (екі миллион бес жүз алпыс мың литр) су жұмсалмас еді. Сіз оның 60 000 (алпыс мың) литрін ішуге, 25000 (жиырма бес мың) литрін жуынуға жұмсамайтын едіңіз.

2.45 тонна азық-түлікті тұтынбас едіңіз. Бұл 17-18 ересек пілдің немесе 62 сиырдың салмағы.

3.Және 550 000 000 (бес жүз елу миллион) рет дем шығармас едіңіз, және сол арқылы атмосфераға 220 752 000 (екі жүз жиырма миллион жеті жүз елу екі мың) литр оттегін жұтып, 11 037 600 (он бір миллион отыз жеті мың алты жүз) литр көміртегін шығармайтын едіңіз.

4.177 000 (жүз жетпіс жеті мың) километр жерді жаяу өтпеген болар едіңіз.

     5.Орта есеппен алғанда 70 жыл өміріңізде 15 000 (он бес мың) ұрыс-керіске араласпас  едіңіз.

6.Өміріңіздің 2 аптасы бағдаршамның жасыл түсін күтуге кетпес еді.

7. сіз ғана шығаратын 25 550 кг қоқыс болмас еді.

8.41 657 342 (қырық бір миллион алты жүз елу жеті мың үш жүз қырық екі) Ватт электр энергиясы жұмсалмас еді. Осыншама энергиямен бір тоңазытқыш 180 жыл жұмыс істеуіне жетеді.

9.Бір күнде орташа есеппен адам 33 шәйнекті қайнатуға жететін жылу бөледі. Яғни, сіз 280 тонна мұзды ерітетін жылу жұмсамас едіңіз. Ғаламдық жылынуға осылай үлес қоспас едіңіз.

Осының бәрін оқи отырып, пайдаңыз жоқ деп есептесеңіз – қателік болар еді.  Егер сіз дүниеге келмесеңіз сіздің ата-анаңыз ана, әке атану бақытын сезінбес еді.

  • Және орта есепен өмір бойы 5 рет ғашық болып, махаббат туралы білмес едіңіз. Отбасын құрып, ата-ана болмас едіңіз.
  • 290 000 рет қуанып, күлмес едіңіз.
  • Білім алып, дос таппас едіңіз.
  • Және мен, сіз оқысын деп 20 минут бойы осы мақаланы жазбас едім.

Кейбір  қиындықтарға бола, өмірге өкпелеп, көңіл-күйіңіз түскен сәтте осыны еске түсіріңіз. Жалғыз қалғандай болғанда, сіздің жан-жағыңызда 7 миллиардтан астам адам өмір сүріп жатқанын ойлаңыз.

Түйін: сіз де, мен де, бәріміз, анамыздың құрсағынан өмірге келіп, бірдей өмір сүруге құқылымыз. Алайда, өмірді қалай, кіммен, мәнді де сәнді өткізу әрқайсысымыздың өз қолымызда.