Бірінші жазбам

Бірінші жазбам
жеке
блог
Маған күнде түрлі ойлар келіп жанымды мазалайды.Бірақ,біз қазақ еріншек болып кеттік пе?Ойыма келгенді қағаз бетіне түсіруге ойланбайтынмын.Міне ,енді бүгінгі күннен бастап,алдағы асқақ арманыма бір қадам болса да басуға талпыныс жасауға кірістім.Үлкен жетістік үлкен еңбекті талап етеді .Сондықтан болашақ таңдайтын мамандығым журналистика саласы болғандықтан тыншып жата алмадым.Қолыма ақ қағаз бен қалам алып болашаққа деген үмітпен сол ақ параққа бар жан дүниемді түсіруге кірістім.Кішкентай қыздың үлкен арманын орындауға бел будым.Мен не білем өзі?деген сұрақ жанымды күн сайын мазалап ,болашаққа деген қадамдарымды нық басуға шыңдап отырады.Үйренерім əлі алда.Өмір атты үлкен жолға түстім.Енді сол жолда адаспай,сүрінбей өту үшін де таңдаған мамандығым өте маңызды.Егер адам осы бастан сол мамандықты дұрыс таңдап өзін -өзі шыңдай түссе,ол адамның үлкен жетістігі.Бұл жазбаны жазуға көптеген жайттар себеп болды .Соның ең маңыздысы менің болашақ мамандығым еді.Бəлкім , мен кейін  мықты бір атағы шыққан журналистке айналармын.Осы  алғашқы жазбам болашаққа бастар жолдамам болар.Бұл жай ғана жазба болып көрінгенімен,мұнда менің үлкен бір арманым жатыр...