Әлем сүйген Димаш

 Әлем сүйген Димаш
жеке
блог

    Димаш бала кезінен көптеген байқауларды жеңіп жүрді. Ешбір әншінің дауысы жете бермейтін Контральто,Сопраноны еркін айтатын ерекше дауысы бар. Қатысқан байқаулардың барлығынан тек бас жүлде алатын Димаштың ең үлкен бағындырған белестері "Жас қанат", "Славян базары". Ол осы жылы Қытайда Чанша қаласында өтіп жатқан "I Am a Singer" байқауында өзінің бағын сынауда. Бұл миллиард қытайлықтар және басқа елдер тамашалайтын ауқымды жоба. Әр сенбі сайын өз өнерлерін көрсетеді. Бірақ бір өкініштісі Қазақстанда ешқандай телеарналар ол байқауды көрсетпейді. Байқау қалай өтіп жатқанын, Димаш қалай өнер көрсеткенінен хабарсыз отырамыз. Тек қытайдың Hunan TV арнасы түсіргенін интернет арқылы көріп бір қуанып қаламыз. Себебі Димаш үнемі бірінші орында,үнемі алда. Алғаш Димаш 1-кезеңде өз өнерін көрсеткенде қытайлардың эмоциясын көргенде таң қалдық. Барлығы беріліп тыңдап,көздеріне жас келді. Негізі қытайлар эмоцияналды халық қой. "Славян базары" байқауында бұлай таң қалмап еді. Димаш әр байқау сайын,әр жыл сайын өсіп келе жатыр. Мысалы,бұрынғы, "Славян базарында" да керемет орындап еді, енді тіпті керемет. Димаш бірден қытай қыздарының жүрегін жаулады. Өткен аптада Димаш қытайдың атақты адамдар рейтінгісінде бірінші орынға жайғасыты. Бір миллиардтан астам халқы бар бар елде мұндай жетістікке жету үлкен бақыт. 1-2 кезеңнен кейін Димаштың инстаграм желісіндегі жазушылар саны екі есеге көбейді. Қытай қыздарының парақшаларында тек Димаш. Әр апта сайын өнер көрсеткенде таңырқағаннан көздері жасқа толып отырады. Қытайлар тіпті Димаштың киім үлгісіндегі киімдерді сатылымға шығарып үлгерген. Қытайлар Димаши деп үлкен мерекелік концерттерге өнерін көрсетуге шақырып жүр. Кеше ғана "Қызыл шардар" мерекесіне арналған үлкен концертте тұңғыш рет Қытайда қазақ тілінде "Ой жайлау" әнін шырқап тағы да таң қалдырды.