Сіз өзіңіз жайлы не білесіз?

Сіз өзіңіз жайлы не білесіз?
жеке
блог

Сіз өзіңіз жайлы не білесіз? Өзімді 100%-ға білемін дейсіз бе? Қателесесіз.

 Қанша жерден өзімді білемін, танимын дегенмен сіз өзіңізді 100% біле алмайды екенсіз. Сізді жаңа қырыңыздан танытатын, іштегі жақсы, жаман мінезіңізді шығаратын, өмірдегі жетістіктеріңіз бен сәтсіздіктеріңіз, басыңыздан өткен қуанышты, қайғылы оқиғалар сізді өзгертіп тұрады. Былайынша айтқанда, барлық адам Хамелеон. Тұрақты мінезі болмайды. Мұңайып отырып, көңілі көтеріле салуы мүмкін немесе керісінше. Мен бұндай қасиеттерімді қалай, қайдан біле аламын?- деп сұрайтын болсаңыз, жауап беріп көрейін. Мейлінше психологиялық кітап оқыңыз, немесе оқуға тырысып көріңіз, сізге бұл тақырып жақпаса да оқып көріңіз, ұнатып қаласыз. Себебі: сол психологиялық кітаптар арқылы сіз өзіңіздің қандай екеніңізді біле аласыз, өзіңіздегі қасиеттерді тани аласыз, адамдарды тани аласыз, бір көргеннен-ақ олардың мінезін біле аласыз, әсіресе дос табуда немесе адамдар мен қай уақытта қалай сөйлесу керектігін үйрене аласыз, оның сыры неде? Кітап барлығымызды оқытатын, тәрбиелейтін әдеби құрал. Кітапта басты кейіпкердің оқиғасы сізге таныс болуы мүмкін немесе басты кейіпкердің мінезі сіздің мінезіңізбен ұқсас болуы мүмкін. Сол кітапты оқи отырып, сіз өзіңіз білетін мінезіңізді таба аласыз, тіпті өзіңіздің басыңыздан өткен, бірақ сіз оған мән бермеген болуыңызда мүмкін жәйттар болуы мүмкін. 

Достар сондықтан айтайын дегенім, мейлінше кітап оқыңыздар, өзіңізді жетілдіріңіз, үйде немесе жұмыста отырып-ақ өзін-өзі жетілдіру курстарын өткізіңіз. Ал, кітапқа қызығушылыңыз төмен болса Ұлы ойшылдардың психологиялық цитаталары мен афоризмдері де жақсы көмектеседі. Бұған менің көзім жетті.  Сәттілік.