Сіз не дейсіз?

Сіз не дейсіз?
жеке
блог

Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес,бүкіл қоғамның құнсыз күйі.Бейресми дереккөздердің дәлелдеуінше,2016 жылдың қаңтар айынан бастап дүние есігін шыр етіп ашқан 120 нәресте 1 жасқа жетпей шетінеп кеткен.Бұл көрсеткіштің артында 120 болашақ пен 120 тағдыр тұр.Ақ халатты абзал жандар - дәрігерлердің жаны ашымаса,ана мен бала өміріне кім араша тұрмақ?Бұл - 9 жыл оқып,білім шыңына шыққан дәрігерлеріміз өз қызметтерін қажетті деңгейде атқарып жүрген жоқ деген сөз емес.Әрине,медицина қызметкерлері мүлдем жұмыс жасамайды емес,жұмыс жүріп жатыр.Бірақ,ол өз деңгейінде емес болғаны.Медицина саласында менеджмент жетіспейді.Қазіргі кезде ауылдық жерлерде медицина саласында мамандар тапшы.Техника болғанымен жұмыс жасайтын маман жоқ.Ауыр халдегі науқасқа сонда кім көмектеседі?Бүгінгі таңда адамға адам жаны ашымайтын заман болды ғой.Денсаулық саласында мәселе етіп көтеретін проблемалар өте көп.Әйел адам денсаулығына салмақты түрде қарап,отбасы құруды көздеген жағдайда ғана біз осы ауруларды,дертті азайта аламыз.