Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / "Отқан" емес қой!

"Отқан" емес қой!

Мен өзім қазақ тілі маманы емеспін, бірақ ол – менің ана тілім. Сондықтан қазақ тіліне қатысты кейбір нәрселерді түсіну үшін мектепте алған білімім көбінесе жеткілікті болып жатады. Енді менің құлақ етімді жеп бара жатқан бір сөз бар. Ол – «отқан» деген сөз. Білуімше, ол - «отырған» деген есімшенің соңғы кездері ауызекі тілде қысқартылып айтылуы. Иә соңғы кездері, өйткені мен бұл сөзді не үйдегілерден, не мектепте, не кітаптан, не тағы басқа жерден бұрындары кездестірген / естіген емеспін. Алайда соңғы уақытта ауызекі тілде жиі естіп жүргенім аздай, оқыған, көзі ашық журналистердің де аузынан осы «отқан» деген сөзді ести бастадым. Сонда «отырған» деп айту сонша қиын ба, жоқ әлде бойға сіңіп қалған әдет пе?!

Менің ойымша еліміздің кейбір аймақтарында күнделікті тұрмыста «Біз шай ішіп отқанбыз.», «Балалар ойнап отқанда, мен кітап оқып отқам.», «Әжем көрпе тігіп отқанда...» деп «отырған» сөзін қысқартып айту қалыптасып кеткен шығар. Бірақ сөзді бұлай айту сол аймақта, сол тұрмыстық деңгейде қалу керек. Ал жалпы көпшілік, соның ішінде жастар бұл сөзді әдеби тілде, құлаққа эстетикалық тұрғыда жағымды естілетін дұрыс нұсқасында, яғни «отырған» деп қолданғаны жөн деп ойлаймын. Тіпті олай айту сонша қиын, қысқарту керек десеңіз, «мен» жіктік есімдігімен «отырғам» деп айту - анағұрлым ақылға қонымды, құлаққа жағымды.

Мына сөйлемдерді салыстырып көріңіз:

Олар қонақта отқанда / отырғанда, мен блог жазып отқам / отырғам (отырғанмын)Өздеріңіз көріп отқандай / отырғандай, бүгінгі көтеріп отқан / отырған тақырып қазақ тіліне қатысты. 

 Ал сіз «отқан» деп сөйлейсіз бе?

А) Иә, өзім де, айналамдағылар да  үнемі «отқан» деп сөйлейміз. Біз үшін ол қалыпты жағдай.

Ә)  Көпшіліктің ықпалымен кейде мен де «отқам» деп айтып қалам, бірақ көбінесе дұрыстап «отырған» деп сөйлеймін.

Б) Өзім мүлде «отқан» деп сөйлемеймін және солай сөйлегендерді ыңғайы келсе, түзетіп отырамын.

 P.S. Жастарға, соның ішінде журналист болғым келеді дейтін жастарға айтар кеңесім, сұрар өтінішім – жап-жақсы сөзді бұрмаламаңыздар, сауатты жазып, сауатты сөйлеңіздер, «отқан» деген сөздің кең таралуына жол бермеңіздер.  

355 3
Рейтинг: +3

Жазылған уақыты: 03 ақпан, 17:35
Тегтер: қазақ тілі, есімше, сауаттылық
Пікірлер
+0
04 ақпан, 13:07

"Барам шығар", "келу керексің", "айту керекпін" – ал мына сөздер менің жыныма тиеді. Баратын шығармын, келуім керек, айтуың керек дейтін едік қой, бұл сөздер айтыла-жазыла тілімізге сіңіп кетпесе екен деп қорқамын.

+0
04 ақпан, 13:40

Расымен де, қазір сөздерде бұрмалану көп.( Мен де достарымнан осы сөзді жиі естимін(((

+0
21 сәуір, 23:43

Ия, кей сөздер көше тілімен жаман бұрмаланып кетті. Әсіресе Отырмыз, жүрміз, тұрмыз сөздері - отырық, тұрық, жүрік деп мәнсіз болып кетті.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...