Өзіңізге ұнамайтын қасиетіңіз бар ма?

Өзіңізге ұнамайтын қасиетіңіз бар ма?
жеке
блог

  Әр адам жеке дара. Біріне ұқсайтын адамды жер бетінде кездестіре алмайсың. Түрі ұқсас адамның кездесуі мүмкін, алайда оның мінезі, іс - әрекеті, ойлауы өзіне ұқсамайды, солай емес пе?)

  Мінездің түр-түрі бар. Бірі қызба, екіншісін қой аузынан шөп алмас, ал кейбіреуі мүлде басқа. Кейбірі өзіне ұнамайтын қасиеттерін өзгерткісі келеді. Әрине, мұны теріс дей алмаймыз, керісінше өзінің жаман қылықтарын өзгерту, бұл адамның алға ұмтылуы, кедергі келтіретін керек еместерден айырылу. Әр адам да ұнамсыз  қасиетін өзгерткісі келеді. Мен де бұны қолға алғым келеді)

  Мен өзімді-өзім дәлелдегім келеді. Сол үшін мен бірінші өзімнен бастаймын. Өзім жайлы Массагетте жазып отырамын. Өзім жайлы дегендеее, енді пайдалы кеңестер, өсиет әңгімелерді де салып тұрамын))) 

  Ал енді маған келсек, оқушы болсам да менің арылғым келетін өзіме ұнамайтын қасиеттерім жетерлік (деп ойлаймын))). Керісінше, бәрін кішкентай кезден бастасақ, өзгеру оңай емес пе?!

   Тәәәк, менің арылғым келетіні - кекшілдік. Есемді көп жібере бермеймін:) Бұның кейде зияны тисе, кейде пайдасы да тиіп қалады. Қалай дегенмен де "Кекшіл болма, көпшіл бол" . Мен ол үшін өзімді өзім ұстай білуім керек, сонымен қатар жағдайларға оң көзбен қарап, жақын қабылдамауым керек.

  Сондай-ақ мен үндемеймін. Ғалымдардың көбі "Үндемегенім үшін өкінген кезім жоқ, ал сөйлегенім үшін талай рет өкіндім" деген. Ал, мен керісінше үндемеген кездерім үшін қатты өкінемін. 

   Басында ынжықтау болатынмын, ал қазір олай емес. Өз-өзімді тәкаппарлау ұстауға тырысамын. Тәкаппарлық жақсы қасиет болмаса да жасықтықтан қарағанда жақсы: Қысқасы, 55%)  Сондықтан оны қосудың қажеті жоқ деп ойлаймын)

P.S. Әзірге осы. Жалғасы бар. Массагет оқырмандары, сіздер де өзіңізге ұнамайтын қасиеттеріңіз жайлы пікірге жазуыңызды сұраймын. Немесе блог ретінде:)

Айтпақшы, сын қабылдай алмаймын. Алайды осыдан да арылғым келеді. Қателік/кемшіліктер жазбада кездессе пікірге жазуыңызды өтінемін:)

Сау болыңыздар!