Жігер берген бірер сөз.

Жігер берген бірер сөз.
жеке
блог

Мен биыл мектепті бітіріп үлкен өмірге аяқ басқанда үйімді сағынып, жылап, елге қайтқым келіп біраз әлек болғанмын. Қазір Аллаға шүкір группадағы ұл-қыздардың барлығына да үйренісіп кеттім. Тіпті бауыр басып қалдым десем де болады.

      Сол үйімді сағынып, үйге қайтуды арманымнан биік қылып алып жүрген шақтарымда мені тәубеме келтірген бір сөздер болды.

      Алматыдағы бар жақын апке-ағаларым үйіне шақырып, "сағынып жүрген шығарсың, үйдің тамағынан жеп демалып кет" деп жиі шақыратын. Ылғи да өз ақылдарын айтып отыратын. Сондай бір апкемнің үйіне барғанда өзімді жинап алуға себеп болған әңгімесі болды. "Сенің апаңды(мамам), үйіңді сағынып жүргенің әрине жақсы дүние, себебі кейбіреуде сағынатын үйде, анада жоқ! Соны естен шығарма. Сен үйіңді сағынғанда сағынатын үйі жоқ, тіпті барар жері де жоқ. Дамалысқа шыққанда алып ұшып үйіңе барасың, ата-анаңның қасында болып мауқынды басасың. Ал анадан тірідей қалған бала жүректің көзі жаудырап барар жері болмай, жатақханада қалатынын, ешкім де іздемейтінін ойлан. Сердерді көргенде жүрегі парша-парша болып кетпей ме? Сен сияқты жылы ұям болса екен деп сендерге қызыға қарайтын жәутең көздердің жайын ойланып көрші. Сендердің өмірлерің жақсы, жеңіл ғой. Сағынып жатсаң, ұялы телефоныңды аласың да хабарласып, дауысын естіп, қал-жағдайларын біліп, шүйіркелесіп сағынышыңды басасың. Саған қоңырау соғып қаліңді біліп бәйек болатын анаң бар. Ал оларды ше... Менің басымнан өткен жайды саған мысал етіп отырмын. Үйіңді сағынғанда, көз жасыңа ерік бергенде сол қара көздерді есіңе ал." - деген сөздері маған қатты әсер етті. Осыдан кейін әр ісімді ойланып істейтін болдым. Тағы да үлгі аларлық әңгімелер айтып еді, алайда сөзі толықтай есімде қалмапты. Мен бұл шығарылымды бізден кейінгі жастар осыны оқи отырып ойлансыншы деп жазып отыр едім. Дәл біздей сағынғанда, тіпті Алланың үлкен сыйын бағалай алмай ата-анасын ретжіткенде оқып тәубесіне келсе, кішкенеде болса көмегім тигеніне қатты қуанар едім! Аман болыңыздар! Бастысы жақындарыңызды бағалаңыздар!