Мені сүйме, өзіңді сүй!

Мені сүйме, өзіңді сүй!
жеке
блог

    Мен өзімді сүйемін деп мақтанамын алдыңда. Алайда сүймес бұрын айнадағы бейнеме де қарай алмайтынмын. Қазір жағдай өзгеше. 

    Өмірімде мені ұнаткан адамды кездестірдім. Білмеймін, сенесіздер ма, әлде жоқ па. Ол адам жүрегімді баурап алды, мені толығымен түсінеді, бос сөз бен керек емес реніш біздің арамызда бөгде зат. Жасайтын ісіміз, дем алатын қызығымыз, ішкі дүниеміз өте ұқсас, бір адамдаймыз.

    Бір күні кешке қарай серуенге шыққында ол мені "мен сені көп уақытка сүйе алмаймын" деп қорқынышқа итерді. Содан сол айтылған сөз ұзақ әңгімеге айналды. Оның олай айтқан себебі менің өз-өзімді сүймегендігімде екен. Әңгіменің соңы "мені сүйме, өзіңді сүй!" деген сөзбен бітті. Шыныменде, уақыт өте келе күннен күнге ол менің әдемі екендігімді көрсетті.

   Енді сіздерге айтар затым, біреуге ғашық болар алдында өздеріңізді сүйе біліңіздер! Тек сол кезде ғана жаныңыздағы алтын жарыңыз өмір бойы сізбен әлемнің сикырлы жайттарын бөледі.

Сіздермен болған мен, Майя.