Мамандық майталманы боламын десеңіз...

Мамандық  майталманы боламын десеңіз...
жеке
блог

Жоғары білім, университетте оқыған жылдар – бұл әлемге көз тастау, заманымыздың аса маңызды және мәңгілік проблемаларын ой елегінен өткізу кезеңі болып табылады. Бұл – өзіндік «Меннің» қаз тұру, кәсіптік ой – өрістің қалыптасу кезеңі. ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы білім берудегі жаңа бағыттарды ұсынады!

   Жарнама мен ПР мамандығы – ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының білім беру бағдарламаларын қалыптастыру негізі болып табылады. Біздің түлектеріміз коммерция, менеджмент, маркетинг, мәдениетаралық, коммуникация, ақпарттық технологиялар, экономика салалары бойынша терең білімге ие, дизайн, кинематография, әдебиет негіздерін жетік меңгерген.

  PR-дағы мамандықтар арқылы сіз PR департаменті бөлімінің басшысы, PR-директор, жарнама агенттігінің PR-менеджері, баспасөз хатшысы, PR-менеджер, копирайтер, медиаменеджер, БАҚ-пен жұмыс жөніндегі менеджер, бренд-менеджер, эккаунд-менеджер және т.б. маман бола аласыз.

  Жарнамадағы мамандықтар: жарнама агеттігінің, медиахолдингтің, жарнама бөлімінің, интерактивті жобалар бөлімінің директоры, арт-директор, жарнама агеттігінің арт-директоры, жарнама агенттігінің музыкалық продюсері және т.б.

    Оқу-үйрену барысында қазіргі заманғы индустрияға өте қажетті шығармашылыққа ұмтылыс, жүктелген міндетті жете ұғынып, оның шешімін таба білу, белсенділік, командада жұмыс істей білу, зерттеушілік қабілет, қиындыққа төзімділік, тапқырлық сияқты мамандардың кәсіби тұлғалық қасиеттері қалыптастырылады.

   Ендеше, журналистиканы таңдаған жас талапкер, шешім қабылдадыңыз ба, белді бекем буып, бір секунд аялдамастан алға қадам жасаңыз,БАҚ бастарыңызға бақ болып қонсын!