Болашақ есік қағып тұр

Болашақ есік қағып тұр
жеке
блог

 Жоғары білім, университетте оқыған жылдар – бұл әлемге көз тастау, заманымыздың аса маңызды және мәңгілік проблемаларын ой елегінен өткізу кезеңі болып табылады. Бұл – өзіндік «Меннің» қаз тұру, кәсіптік ой – өрістің қалыптасу кезеңі және болашаққа бастар бірер жол. Болашақтың баянды ғұмырын журналистика мамандығымен байланыстырып қарар болсақ, жетер жетістігі аз емес. Себебі, ақпарат дәуірі деп аталатын бүгінгі заманда журналистика көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Айта кету керек, бүгінгі ақпарат бірлігі битпен өлшенетіні бәрімізге мәлім. 8 бит 1 байтқа тең келеді, ал 1 байт көлемі әліпбидегі 256 символды танытатын ақпараттық өлшем болып саналады. Сонда 1 секундтта 1 млн.байт ақпаратты тасымалдауға болатын заманда өмір сүрудеміз. Сол үшін де технологияның осындай мүмкіндіктері журналистика саласындағы ақпарат пен оқиғалардың лездігі мен жылдамдығына кепіл бола алады.

   «Журналистика – бұл миссия»  дейді журналистика мен мултимедианың бүгінгі үрдістерін бағалаған жазушы, журналист Дебора Кемпбелл. Журналистика әрі кәсіп, әрі міндет, қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Осы жауапкершілікке студент кезінен баулу, тәрбиелеу , осы салада мамандар даярлайтын оқу орындарының міндеті. Елімізде дәл осындай міндетті мінсіз орындап жүрген оқу орындарының бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультеті. Факультет ұжымы алдына келген әрбір студентке жауапкершілікті сезіндіре отырып, санасына саналы білім сіңдіруде. Ол ғана емес, мақсаты медет мұғалімдер де студенттерге бар мүмкіншілікті пайдалануға зор үлес қосып қана қоймай, майталман маман дайындап әлек. Нақтырақ айтар болсам, соңғы үш жылда  еліміз бойынша журналистика саласында ғалымдар тобы ҚР БҒМ іргелі және қолданбалы зерттеулерді гранттық қаржыландыру бағдарламары бойынша жұмыстар жүргізуде. 2013 жылы алғаш рет ғылыми жоба аясында факультет студенттері «Қазақ елі» ғылыми экспедициясын еліміздің Қызылорда, Маңғыстау, Семей аймақтарында зерттеулер жүргізді. Қазіргі таңда, жыл сайын дәстүрлі түрде Барманқұлов, Қожакеев, Бекхожин оқулары өткізіледі. Бұл ғана емес,  студенттерге шетелге шығып біліп алу үрдісі, түрлі медиа – форумдарға барып сертификатпен марапаттау  ісі де тоқсаусыз жүріп жатыр.

    Міне, ҚазҰУ-да студенттер мен оқытушылар арасында жүргізіліп жатқан тоқтаусыз түрлі іс-шаралар мен білім берудегі жаңа бағыттар арқылы болашаққа деген бастаудың барына куә болып отырмыз.       Ендеше, жалыны жоғары жастар, болашақтың есігін адал әрі білімді жолмен бірге ашайық!