Халық алдында сөйлеу кезінде сақталуы тиіс 5 кеңес (1-бөлім)

Халық алдында сөйлеу кезінде сақталуы тиіс 5 кеңес (1-бөлім)
жеке
блог

Қорытынды сессия басталғаннан кейін блогқа мақала жазғанға қол тимегені рас. Алайда, бүгінгі маркетинг пәнінен сессияны халық алдында зерттеу жұмысын қорғау негізінде тапсырғаннан кейін осы мақаланы бүгін жазу керек деген ойға келдім. Себебі, бүгінгі мақалада халық алдында сөйлеу және зерттеу жұмысын қорғау кезде көмегі тиетін 5 кеңеспен бөліскім келеді.

  1. Киімге мән беріңіздер. Бірінші әсерді өзгертуге болмайтыны көптеген адамға мәлім. Сондықтан, өзіңіз не тобыңыз, жасалған жұмысыңыз салмақты екенін сырт бейнеңізбен көрсете біліңіз. Ол дегеніміз, классикалық стильде киіну(джинсы, түрлі-түсті футболка, тым биік өкше, ұқыпсыз жиналған шаш және т.б. факторлар тыңдаушыларда сіз туралы оң ойдың қалыптасуына психологиялық тұрғыдан кедергі жасайды).
  2. «Мен» сөзін ұмытыңыз. Жұмысты қорғаған кезде «менің зерттеуім», «менің мысалымда», «менің келген қорытындым бойынша» сияқты тіркестерді қолданбаған жөн. Біріншіден, егер жүргізілген зерттеу жұмысы топтық болса, онда бұл тіркес керіні көрсетер. Екіншіден, бұл сөз тіркестері ғылыми стильге жатпайды. Оның орнына, «талдау негізінде *** қорытынды жасалды», «*** зерттеу орталығының тәжірибесін мысал ретінде қарастыра отыра» және т.б.
  3. Жұмысыңызды қорғаған кезде мұғалімге ғана қарамаңыз. Көптеген жағдайда, оқушылар мен студенттер жұмыстарын қорғаған кезде жасалған жұмысқа тиесілі бағаның тағдырын шешетін адамға ғана қадала қарауға бейімді. Алайда, халық алдында сөйлеу мәнері мен өнерінің басты мақсаты ой мен жұмысты таныстыру арқылы халықты қызықтыру. Әрине, сіздің алдыңызда қорғап кеткен және сізден кейін қорғайтын студенттерді қызықтыру қиын. Сол үшін олармен байланыс орнату керек. Көптеген кезде адам басқа адаммен ортақ тақырыбы болғанда байланысты орнатады. Сондықтан, жоба/зерттеу жұмысын қорғамас бұрын көптеген адамға ортақ және сіздің тақырыбыңызға тиісті болатын қызықты және маңызды мәлімет/сұрақ/әңгімемен бастаған жөн.
  4. Ешқашан слайдтан оқымаңыз, слайдқа қарап сөйлемеңіз, слайдқа саусақпен нұсқап түсіндірмеңіз, слайдқа жақындап санды/кестені/графикті көрсетпеңіз. Ең маңыздысы халықпен байланысты айырмау, ал егер бір рет қана оларға арқамен қарап қалсаңыз, ол байланыс мүлдем үзіледі. Ең маңыздысы халықтың сізге сенгені. Егер сіз слайдтан, беттен оқысаңыз, сізді сенімді мәлімет ресурсы деп санау мүмкіндігі азаяды.
  5. «Body language» қолдану, яки қолды, көзді, жүріс-тұрысыңыздың бәрін халық алдында сөйлегенде пайданалу. Бұның барлығы графикті, кестені және ойыңызды жеткізуге көмектседі. Бірақ, егер қол қалтада болса, немесе қолды мен аяқты айқастырып немесе шайқалып тұрсаңыз, жасалған зерттеу жұмыстың академиялық сенімділігі(ағылшын тілінде reliability деп аталады) төмендейді.

Құрметті оқырмандар, халық алдында жобаны/зерттеу жұмысын/берілген тақырыпты қорғау туралы мақала сіздерге қызықты болғанына және көмек тигізетініне үміттенемін.