Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай...

Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай...

Бүгін менің туған күнім, ой, пәлі-ай...

Орал қарттың үлкен ұлы Кердеріден өзі секілді мұғалім қыз алыпты. Келіннің жоғары оқу орнындағы соңғы жылы екен, күз аяқ басқанда мектепте тәжірибеден өту үшін ауылға келеді. Қазақ даласының оңтүстігіндей қорғайтын Алатауымыз болмаған соң ба, жазық дала жұртшылығы әр мезгілдің мазасыз қылығын бар болмысымен сезінеді. Әсіресе, қарашадағы қарсыз қоңыр күздің ызғарына қыр қазағындай ешкім төтеп бере алмас. Табиғат қаһарына қасқая қарсы тұруға дағдыланған қыр қыздары мен ұлдарының қолдарына “найза беріп, жауға қоймағанда”, кімді қоярсыз?! 

91-дің 26-шы қарашасы да сол жұпыны, реңсіз, сұрғылт күздің күндерінің бірі болатын. Бірақ, Орал қарттың шаңырағының терезесіне үңілсең, сырттағы суық әлемдегі жалғыз оттай ерекше жылылық сезілетін. Өйткені, ертеңгі күні болатын келіннің ашық сабағына отбасының әр мүшесі өз үлесін қосып, дайындыққа ат салысып жатқан. Әркімнің бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сыйластығының лебін үй сыртындағы да сезетін. Әсіресе, қарт пен кемпірі келіннің қазандай қарнына қараған жүзінен көтеріңкі көңілді аңғармау мүмкін емес еді. Сәбидің іңгәсін еститін күн жақын қалған. Қайын інісі сабаққа қажет үкі құстың суретін сала бергенде, келінді толғақ қысып, жедел жәрдем көлігімен аудандық ауруханаға алып кетеді. Ертесіне, 27 қараша таңғы сағат 9-да қыз бала дүние есігін ашты. Ол мен болатынмын. Әлгі ашық сабақты ақыры әкем өткізіпті. 
Ал, үкінің суретін “Тұңғышымның түйдей құрдасы” деп әжем әлі күнге дейін сақтап қойыпты. Осы әңгіме алғаш баяндап бергенде, “Неге гүл, неге аққу емес”, деп ренжігенім есімде...)) 
Түсінің өзін жорытып, әр құбылыстан Тәңірдің белгісін іздеген қазақтың ұрпағы болған соң, еш нәрсенің себепсіз еместігіне сенемін. Сол секілді, дүние есігін ашқан мезгілдің адам болмысына тигізер әсері зор. Өйткені, күз, қараша – менің екінші есімім, мінезім, өмірге деген көзқарасым. 
Сол үкінің де жәй сәйкестік болмағанын қалар едім. Себебі... 
Қараша қыз жүрегін Сарыарқа сайын даланы “кемірушілерден” қоритын, қалың қазақ Қазығұртының, қара домалақ бесігінің, сал-серілер бөркінің, жүйрік жылқы жалының, қос ішекті домбыраның “үкісі” болсам деген үміт тербейді... 
Қазақ үшін киелі, әлем мәдениетінде даналықтың символы болған үкі құсының қауырсынындай болсын ақыл берсін деп тілер ем...

768 1
Рейтинг: +8

Жазылған уақыты: 27 қараша 2016, 14:28
Пікірлер
+2
29 қараша 2016, 11:08

ЫММММ

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...