Massaget.kz блогшылар арасында байқау жариялайды

Massaget.kz блогшылар арасында байқау жариялайды
жеке
блог

Құрметті Massaget.kz сайтының оқырмандары мен блогшылар! Massaget.kz сайты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Массагет порталының 5 жылдығына орай блогшыларға арналған байқау жариялайды.  

Байқаудың жалпы ережесі:

Өту кезеңі: 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығы.

1. 16 қарашадан бастап Massaget.kz сайтының Блог айдарында жарияланған әр блог байқауға қатыса алады.

2. Үміткердің блог санына шектеу қойылмайды. 16 қараша мен 16 желтоқсан аралығында жазылған барлық блогтары ескеріледі. Негізгі ескеретін жайт, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және Массагет порталының 5 жылдығына орай жазылған ең кемі бір блогы болуы міндетті.

4. Байқауға жасына, жынысына, мамандығына, ұлтына қарамай кез келген адам қатыса алады.

5. Байқауға жазылатын блогтардың форматы мен тақырыбына шектеу қойылмайды (Сайттың ережесіне сәйкес діни және саяси араздықты қоздыратын жазбалар өшіріліп отырады және қабылданбайды).

6. Байқау жеңімпаздары пікір, ұнату (LIKE), көрілім саны арқылы және Massaget.kz сайты тілшілерінің дауыс беру нәтижесі арқылы анықталады.

7. Қатысушы әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында жазылған блогын репост жасауы міндетті.

Жеңімпаздарды анықтау:

1. Блогшының көркем тіліне, тақырыбының мән-маңызына, өзектілігіне, шығармашылық фантазиясына, көркемдік безендірілуіне (авторлық сурет), мультимедиялық контент (авторлық видео, аудио) басымдылық беріледі.

2. Ғаламтор беттерінде жарияланған жазбаларды көшіріп басуға болмайды. Сондай-ақ, автордың бұрын жарияланған жазбалары қабылданбайды.

3. Massaget.kz сайты тілшілері жеңімпаз блогқа не үшін, қандай себеппен дауыс бергендігі туралы ақпарат беріледі.

Байқау жеңімпаздары мен ерекше көзге түскен блогшыларға бағалы, ынталандыру сыйлықтары беріледі.

Қосымша ақпараттар үшін 8775 236 93 05 (Шерхан Талап) нөміріне хабарласып немесе massaget.kz@gmail.com электронды мекенжайына хат жолдай аласыз.

Massaget.kz ұжымы