Эссені қалай жазу керек? 1-шығарылым

Эссені қалай жазу керек? 1-шығарылым
жеке
блог

Әуелі, жазылған эсседе ой дұрыс не бұрыс деген ұғым жоқ. Себебі, онда сіз өзіңіздің пікіріңізбен бөлісе аласыз. Алайда, ойды жеткізуде көптеген қателіктерден абай болу керек. Алдымен плагиат атты ұғымның эссе жазудағы мәнін түсінген жөн. Эссе ол өз ойыңыз, бірақ ол ой оқылған кітап, журналдан, көрген бейнефильм, бағдарламалардан, қарастырылған статистикалық мәліметтер, зерттеулерден туындайды. Сондықтан, ойыңызды жазбас бұрын сол пікірдің қалыптасуына себеп болған мәліметті және сол мәліметтің ресурсын көрсету керек. Егер оны көрсетпесеңіз: 1) ойыңыз негізсіз; 2) мәлімет ұрдалынған болып саналады. Бұны көрсетудің көптеген жолдары бар. Мысалы:

– (аты)веб парақшадағы (қандай мәлімет) мәлімет негізінде (эссе тақырыбындағы мәселе) жағдайына теріс көз қарасым қалыптасты;

– (аты)университеттің/ зерттеу орталығының (мәліметтің қаншалықты жаңа екенін көрсетеді) жылғы зерттеулері бойынша (мәлімет). Менің ойымша/пікірімше/түсінігімше бұл(сіздің ойыңыз/пікіріңіз) негіз бола алады;

– Мен үшін (эссе тақырыбындағы проблема)мәселесі (сіздің ұстанымыңыз) сипат алады. Себебі/өйткені, (аты) бағдарламасында/бейне фильмінде (аты) атты зерттеуші/автор (зерттеуші/автор берген мәлімет) деп айтқан.

Енді эссе құрылысын және әрбір бөлімінде не жазылу керек екенін анықтап алайық:

1. Кіріспе.Мұнда 3-4 сөйлем жеткілікті. Бірінші сөйлемде оқырмандарды қызықтыру керек. Ол үшін сіздің эссе тақырыбыңыз өзекті екенін дәлелдейтін мәлімет жазылу керек. Тағы да еске түсіріп кетейік, плагиатты болдыртпас үшін ресурты көрсету керек. Эсседе берілген мәселені толық 100 пайыз қарастыру дұрыс болып саналмайды. Сондықтан да екінші сөйлемде жалпы айтып кеткен мәселенің ішінде негізгі тоқталатын 2/3 (эссе түріне байланысты, сондықтан бұл туралы келесі мақалаларда жазатын болам) қырды/ аспектіні таңдағаныңызды көрсету керексіз. Үшінші сөйлемде эссеге осы қырларды/аспектілерді таңдаудағы мақсатты көрсету керексіз. Бұл салыстыру, талдау жасау, шешімдерді ұсыну болуы мүмкін және мақсат эссе түріне байланысты.

2. Негізгі бөлім3 абзацтан тұрады. Әрбір абзац кіріспе бөлімінде көрсетіп кеткен мақсатқа сәйкес болу керек. Яғни, егер сіз аспектілерге талдау жасауды мақсат етсеңіз, әрбір абзацта талдау жасау керексіз. Ал әрбір абзац 5/7 сөйлемнен құралғаны жөн. Бұнда да кіріспеде қолданылған принцип жүреду. Мәселен, 1 және 2-сөйлемдерде мәселенің белгілі аспектісі туралы мәлімет беріледі. Ал 3 пен 4-сөйлемдерде осы мәліметтер бойынша сіздің ойыңыз. 5-сөйлемде жалпы жасалынған ойыңызды 1 сөйлеммен қорытындылау керек.

3. Қорытынды жазуда абай болу керек. Себебі, эссенің бұл бөлімінде сіздер жаңа мәлімет қоса алмайсыздар. Алайда, эссенің оңай бөлімі де бола алады, егер сіздер негізгі бөлімнің әрбір абзацында қорытынды 1 сөйлем жазған болсаңыз. Сол жазылған 3 қорытынды сөйлемді өзгертіп басқа сөздермен жазу керексіз. Содан кейін 3 қорытынды сөйлемді жалпылап 1 сөйлем жазылуы тиіс.

Бұл мақала сіздерге көмек болды деген үміттемін және келесі мақалаларды қалдырмаңыздар, себебі келесі ретте бизнес әлемін дүр сілкіндірген 20/80 принципі жайлы әңгіме болады.

Ұқсас жазбалар:

Мен таңдаған мамандық (эссе)

Ұстаз болу – жүректің батырлығы (педагогикалық эссе)

Тәуелсіздік туралы шығарма: Тәуелсіздік – киелі ұғым

Шығарманы қалай жазу керек?