«Қоғамдық келісім» мекемесінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жас қанат» жастар ұйымының жастарына тренинг өткізілді

«Қоғамдық келісім» мекемесінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жас қанат» жастар ұйымының жастарына тренинг өткізілді
жеке
блог

Ақтау қаласында 25 қазан күні «Жас қанат» жастар ұйымы мен «Жас Отан» жастар қанатының жастары үшін «жобалық менеджмент», «шешендік өнер негіздері» тақырыптарымен семинар тренинг өткізілді. Тренинг «Қоғамдық келісім» ғимаратында өткізілді. 50 ге жуық жастар бас қосып, қызықты, маңызды тренингтен өтті. Шара Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырылды. Жиналған жастар өздері белсенділік танытып, тренингке бір кісідей ат салысты. Басында жастар бір – бірімен жақын достасып, танысудан бастап, көпшілік ортада өзін қалай ұстау керек, көкейіндегі әңгімесін өзгеге қалай жеткізу керектігін үйренді. 
Шешендік өнер жастарға қажет.

Бүгінгі жастардың тіл байлығын дамытып, қазақ тілінің кеңдігін, тереңдігін үйрету қажет. Осы бағытта тренингті жүргізген Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Утегенов Нурбек өзінің тәжірибелерімен де бөлісті. Бүгінгі шара жасқанаттықтар мен жасотандықтарға қызықты болды деп ойлаймыз. Жиын соңында өздерінің әсерлерімен бөліскен қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.