Таксистің әңгімесі. (1)

Таксистің әңгімесі. (1)
жеке
блог

Түңгі Алматының кереметтері мен әртүрлі оқиғалары есіме түсіп, ақ тұлпарді тізгіндеп түңгі 1-де көшеге шықтым. Арлы- берлі тратуармен жүретін жамағаттың қарасы тым аз. Сонымен не керек бағыт жоқ, қайда баратын ой жоқ әйтеуір газды басып бағдаршамнан, бағдаршамға жетіп біраз жер жүріп тастаппын. Бір уақытта жол жиегінен сұңғақ бойлы, фигурасы ат, сүйкімділеу бір қыздың қол бұлғап такси ұстап тұрғанын көзім шалды. Қасына барып қайда баратынын сұрадым. (Мекен жайы құпия болып қалсын) Бағасына келістім де құйындатып отырып айтқан жеріне тарта жөнелдім. 
Мәшиненің артында отырған қызда үн жоқ, әншейінде аузым жабылмайтын мен байқұс тілімнің қайда кеткенін таппай қалдым. Көліктің магнитафонынан Төреғалидің "Бір түрлі қыз" атты өлеңі сарнап тұр. Бір уақытта әлгі сұлу қыз;
-Таксиссіз бе? - деп оғаштан сұрақты қоя салғаны бар ма.
Сонымен әлгі таппай отырған тілім күрмеліп ақырын дауыспен;
-Жоқ, үйге кетіп бара жатыр едім, дегені бар ма. 
Қыз.
-Түсінікті, деп қысқа қайырды.
Ал, ойлан енді. Бұл аруға менен не керек, әртүрлі ойлар басыма қона бастады. Ұнап қалдым ба, мекен-жайын ауыстырайын деді ме, әңгімелескімі келдіме. Бір сөзбен айтқанда жынды болдым да қалдым. Қайтадан;
- Иә, таксистпін, дейін десем намыстың соңғы қылы жібермей тұр. Бір уақытта әлгі жынды қылған мекен-жайдың алдына келдім. Көліктің салонындағы жарықты жақтым. Сұлу қыз сөмкесінен жол ақысын төлеуге ақша іздеуге кірісті. Менің ойым әлгі бір сөзде. Ақша миға кіріп-шығар емес. Бір кезде:
-Қарындас, менен таксистсіз бе деп неге сұрадыңыз, деп сұрақты төтелей қойы жібердім. Сол уақытта маңдайдан тер бұрқ ете қалды. Бәрі бітті, айттым, ой жеңілдеп қалды. Сұлу қыздың сөмкедегі қос қолы лезде тоқтап, сәл жымиды да.
- Мүмкін екеуміз кофе ішерміз, деді. Мына сөзден кейін жерден жеті қоян тапқан адамдай қуанып кофе іздеуге кеттік. Таптық, іштік, сөйлестік. (Артық ештеңке болмады, ескертіп қояйын.) Бір уақытта көліктің терезесін біреудің тықылдатып жатқанын естідік. ақырындап қарасам, қос жұлдызы бар МАЙ қызметкері екен. Жолаушы жағымда отырған қызға көз тастап, түрі бұзыла бастады. Мен ештеңке түсінбей отырмын. Бір уақытта
-Менің қызыммен не істеп отырсың, деп дікілдей кетті. Жағымсыз дауыс әдемі ұйықтап жатқан ашуымды оятып, менде көліктен атып түстім. Заң, анау-мынау бәрі қалды жайында. Боқтық сөздер аралас, әдеби сөздер ортада ары-бері жүгіріп жүр. Кенет, бетке керемет бір соққының тигені сезілді. Ол уақытта мен де қолымның шынжырын босатып жібергенмін. Сөйтсем олар үшеу болып жүреді екен. Екеуі өтірік арашалап, қолды қайырды да маймылханаға алып кетті. Қыз, көлік барлығы қалды. Бір уақытта қараңғы бөлмеге алып барып;
-Қызды қайдан танисың Бауыржан? деп жақсылап желкеден соғып жіберді. Ауыздан таксист едім, деген сөз шықпай қиналып отырмын. Бір уақытта Бауыржан деймін, деп тағы да соғып жіберді. Орнымнан атып тұрып,
-Мен таксистпін, деп айғайлап жібердім. Көзімді ашсам төсегімнің қасынан жұмысқа оятып жатқан досымды көрдім де, Мен түнде жақсылап таксоватьеттім деп ыржидым.)))