Шынайы болыңыз!

Шынайы болыңыз!
жеке
блог

         Оқырман сізге алдымен сұрақ қояйын. Әділдік деген не? Ол өмірде бар ма?

        Өмірде өзіңізді алдай берудің қажеті жоқ. Шындықпен бетпе-бет келетін уақыт жетті. Өзіңе  шынайы, әрі ашық болу! Бұл өте қиын. Өз қателігіңізден соң жеңіліс тауып, артынша «әділдік қайда?» деп, өзгелерге ақ жалау алып жүгірудің де қажеті жоқ.  Шынын айтқанда өмірде әділдік жоқ. Бұл ойға қарсы шығатын шығарсыз, бірақ ол солай.

       Әділдік–әр адамның өзіне қатысты өзгеден, тағдырдан жеңілісі, әлсіздігі. Мықтыдан қорлық көргенде, шарасыз күйге түскенде, өмірде бір белесте жеңіліс тапқанда, әділдік іздеп шығасыз. Ал төрт құбылаңыз түгел болғанда, өзгелердің әділдігі үшін күреспейсіз. Сол себепті әділдік – әр адамдағы өзіндік эгоизмге қатысты дүние. Нақтырақ айтсақ ол «әділдік» деген атты жамылған, біз әлсіздік танытқандағы көмекке келер эгоизм.

       Өмірде әділдік жоқ, бірақ теңдік бар. Теңдіктің әділдіктен айырмашылығы, ол сіздің, біздің еркімізден тыс жүретін тәуелсіз, теңестіруші құбылыс.09

         Құс қанша биік ұшсада табатын азығы жерде, адам қанша тәкаппар болсада баратын жері көрде... торғай тірісінде құмырсқаларды жейді, ал өлген соң құмырсқалар оны жейді... бір түп ағаштан миллиондаған сіріңке жасалады, ал миллиондаған түп ағаштарды өртеуге бір тал сіріңке жетіп жатыр... жағдайлар кез келген сәтте өзгеруі мүмкін, бұл өмірде теңдік бар деген сөз. Теңдік бар жерде әділдікті іздеудің қажеті  жоқ.  Өмір – таразы.

        Франсуа де ЛАРОШФУКО өз  максималарының бірінде: "Әлемді тағдыр мен бап билейді", - деген екен. Мен оған толық қосыламын. Тағдыртеңдік, бап–әділдік. Әділдік тек өзіңді билеп төстеу, жеңілгенде жұбатып, өзіңді барлығынан ақтап алу. Ол да бап секілді қолдан жасалған дүние.

        Әлі де әділдік бар дейтін болсаңыз, сізге тағы бір сұрақ қояйын.707

        Өмір сондай  түсініксіз. Қазір әлемдегі ең бай, табысты компанияның директоры – гей, ал ең бай, табысты  адам – атеист. Бұны қалай түсіндіре аласыз?