Тіліп өтер өткір пышақ жүзімін, Қасқыр мінез қайсар Қазақ қызымын!

Тіліп өтер өткір пышақ жүзімін, Қасқыр мінез қайсар Қазақ қызымын!
жеке
блог

 

Қайырлы күн Массагеттік оқырмандар және байқау қатысушылары! Рамазан айы мүбәрак болсын! Ұстаған ораза, тілеген тілек қабыл болғай! 

 

Өзім туралы: Баймаханның немересі Беріктің қызы Арайлым деген азат елдің, ғажап жердің, тәуелсіз мемлекеттің, ұлан ғайыр далалы жері Тараздың тумасы шипалы Меркінің аруы мен. 2016 жылдың түлегімін. Иә, айтса дене түршігетін Ұлы Бір күндік Соғысты (ҰБТ) - ның куәгерімін. Қуғаным жетпей, бұйырғаны кетпей маңдайға жазылған баллымды еншіледім. Ендігі ой Қазақстанның қай бұрышынан бір маман  иесі болып шығар екенмін деп. 

Жеке тұлға болып қалыптасу үшін алдымен адамда ұстаным болу керек, тағылымы терең, мағынасы зор ұстаныммен ғана адам алға жылжи алады. Менің ұстанымым:

 Бүгін өзгелері жасай алмайтынды жасаңыз, сонда ертең өзгелері жете алмаған табысқа жетесіз.

"Жастар көргеніне еліктейді"- деген екен. Менде сол таңдаған мамандығымның білікті маманын іздедім, оқыдым, білдім. Ол менің идеалым - Юрий Пя Отандық кардиохирург. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, жер шарында жүрек-қан тамырлары ауруларынан жылына 15 миллиондай адам көз жұмады екен. Ал, елімізде бір жылда 80 мыңдай адам жарық дүниемен қош айтысады. Ал осыған тосқауыл болып Алладан кейінгі жәрдемші болып жүрген отандық дәрігеріміз осы уақытқа дейін 5 мыңға жуық ашық ота жасаған екен. 

Бұл да болса көп адамға беріле бермейтін қасиет. Жүрекке ота жасау тек батыл, сенімді, қайсар адамның ғана қолынан келеді. Байқағаным осы қасиеттің екі есесі Пя дәрігерде бар. 

Хоббиім: Бос уақытымда кітап оқығанды ұнатамын. Қатты ұнайтыны жазушының басқа адамдар тураы естеліктерін сүйсініп оқимын. Және волейболды жаным сүйеді. Мектепте қолым босай қалса спортзалға бас сұғып шығушы едім. Одан басқа да жаз мезгілінде саяхаттап табиғат аясында тыныштықта жан демалдырып суға бір түсіп аламын.

Өмірдегі ең бағалы қазына. Дүниенің бар байлығына ие болса да, ешқандай адам өзінің доссыз қалуын қаламайды. (Аристотель)

Біз "Жас Қазақ" тобы басқа топтардан ерекше топпыз. Біз байқауға екінші мәрте қатысып тұрмыз, әрі бір жылдық таныстығымыз, достығымыз бар. Әрине, былтырғы қателіктерімізді қайталамай биылғы сәтсіздіктерімізді жібермей арамыздағы ұйымшылдықтың арқасында жеңіске жетерміз деген сенім бар. Топ мүшелерінің әрқайсысының өзіндік болмысы өнері, білімі, ептілігі  бар. Бұл біз үшін жеңіске деген бір қадам.