Дина, Фариза, Роза апаларымыздың жарқын жалғасы болатын арулар

Дина, Фариза, Роза апаларымыздың жарқын жалғасы болатын арулар
жеке
блог

Құрметті Ақерке Ерболған

Сізді Талдықорған қалалық "Қыз сыны 2016" байқауының жүлделі 3-орынды иеленгеніңіз үшін шын жүректен құттықтаймын! Сізге өмірдегі бар жақсылықты, бар бақытты тілеймін. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын! Қамшының сабындай мына жалғанда жасайтын игі істердің себепкері болуыңызды қалаймын! Амандар жетегі сізді бақытты сәттерге жетелесін. Мықты денсаулық тілеймін. Қуанышты сәттер өміріңіздің сәні болсын. Жапырақтың жасылы, адамзаттың асылы болыңыз! 

 

Құрметті Назым Сапарова

Сізді "ЕЛ ҮМІТІ" республикалық дарынды балалар энциклопедиясына енуіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Еңбегіңіз әрқашан еленулі, тегеурінді, жемісті болсын. Шығармашылығыңызға үлкен табыс тілеймін. Арманыңыз адал, игі жолға жетелейді деген сенімдемін. Қаламыңыз мұқалмасын. Әр арайлап атқан таң сіз ұшін қуанышқа толы болғай. Ата-анаңыздың көз қуанышы болыңыз! Сізге сенген әрбір жанның үміті ақталсын. Денсаулығыңыз сыр беретін уақыттар кемде-кем болсын. Арылмас бақыт тілеймін!

 

Құрметті Арай Баймахан

Сізді дүние есігін ашқаныңызға 18 жыл толу мерейтойымен және алтын ұя мектеп қабырғасын тәмәмдауыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Үлкен өмір сынағына басқан алғашқы қадамыңыз сәтті болғай! Алда тұрған маңызды сынақ Ұлттық Біріңғай Тестілеуден 3 цифрлі балл мөлшерін жинауыңызға және Санжар Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің стипендиаты болуыңызды тілеймін! Рухты, қайсар болмысыңыздан таймаңыз. Ел ертеңінің еңселі болуына қосар үлесіңіз мол болғай. Жетістіктер шыңын талай рет бағындыруыңызды Алла нәсіп етсін! 

Баршаңызға Алла разы болсын!

Пы Сы: кешіккенім үшін ғафу өтінемін:)