Bookmate оқушылар 3 айда 25 000 адамға жетті

Bookmate оқушылар 3 айда 25 000 адамға жетті
жеке
блог

Алдыңғы жұма күні «Кселл» АҚ таңғы асының қонағы болып қайттым. Әрине, әңгіме бұл жайында емес. "Бұны жазуға не итермеледі?" деген ой келуі мүмкін ғой. Сонымен, «Кселл» АҚ бізге соңғы аралықта өздері ұсынған үш қызметтері бойынша есеп берді. Ақпан айынан бастап олар activ music, activ TV және activ ұсынатын Bookmate қосымшаларын іске қосқан болатын.

Фейсбук әлеуметтік желісінің оқырмандары үшін Bookmate жаңалық емес болар, себебі бұл қосымша фейсбук арқылы көп жарнамаланды және халықтың тарапынан үлкен қолданысқа ие болды. Себебі, кітап сүйер халыққа бұл үлкен кітапхана іспеттес болды. Әрине, күніне 19 тг төлеп тұратыныңызды ойламаған күннің өзінде бұл қолыңыздағы дайын кітапхана. Бәріміз жапа тармағай кітап оқи бастағанымызды мойындауымыз керек. Бұл үлкен қозғалыстың үш айдағы қорытындысы 25 000 адам осы қосымшаны жүктеп алған. Төменде Қазақстандықтардың көп жүктеп алып оқыған кітаптарының 10 дығы көрсетілген. 

activ TV аты айтып тұрғандай қалтаңыздағы онлайн тв. Қалаған уақытыңызда кез-келген өзіңіз жіберіп алған бағдарламаңызды көре аласыз. Қазіргі кезде бұл қосымшаны тек 6000 ғана қазақстандық қолданады екен. Танымал арналар 31 канал, 7 канал, КТК арнасы. Ең көп қолданыстағы пакеттері спорт қосымшасы болып отыр. Бұл қосымшаны қолдану үшін күніне 29 тг төлейтініңізді ұмытпағайсыз. 

activ music қосымшасын 18 000 абонент қолданады екен. Бір қарғанға өте ыңғайлы, сапалы музыка. Ең бастысы сіз пираттық түрдегі емес заңды музыканы тыңдай аласыз. Айтпақшы, бір айдан кейін бұл қосымша үшін күніне 20 тг төлейсіз. activ music сервисінде Қазақстандық әншілер арасындағы ең көп тыңдалған трек Қайрат Нұртастың «Байқа» әні болған. Былай қарасаң, бұл қосымша арқылы әншілер де жақсы қаражат таба алады. 

Өздеріңіз көріп отырғандай «Кселл» АҚ халыққа барынша пайдалы қызмет ұсынуға тырысып жатыр. Әрине, біз қазақ тілді қызметтерді талап ете бастасақ бәрі болатынын байқай аламыз. Маған ұнағаны Bookmate қосымшасында 6500 қазақ тілді кітаптың барлығы. Өз елімізде өз тіліміздегі өнімді талап ете білейік. Бастысы, жақсы қызмет үшін әр қашан ақы төлейтініңізді ұмытпаңыз :).