Түнгі сағыныш...

Түнгі сағыныш...
жеке
блог

Сағыныш... Бұл сезім жанымды өртеп барады. Жүрегім өзіңді іздеп сағыныштан сарғайып отырмын. Сені жатақханаңа жеткізіп салғаныма ет пісірімдей ғана уақыт болыпты. Ал сол аз ғана уақыттың ішінде өзіңді қалай сағынып отырғанымды білсең ғой! Мүмкін сезіп те жатқан боларсың. Сен де мені сарғая сағынып жатқан шығарсың... Себебі, бірімізге-біріміз соншалықты ынтық бола тұра, тек менің ғана сағынуым мүмкін емес. Дəл қазір бөлмемде тыныштық əуені орын алып жатыр. Сол тыныштық əуенінде екеуміз ырғала билеп жүргендей. Бірақ шынайы махаббат деген осындай сарғайған сағыныштан тұру керек емес пе?!. Нағыз махаббат пен сағыныштың дəмін енді татқандаймын...