30 кездесу

30 кездесу
жеке
блог

Ох, мен қалай романтиканы жақсы көрем десеңізші, тіпті шектен тыс жақсы көрем десем де болады. Романтикалық кинолар қыздар қатты әсер ететіні бар, дегенмен шектен шықпауға тырысу керек. 

Бүгіннен бастап Қазақстандық кинотеатрларда Ресейлік "30 кездесу" фильмі көрсетіле бастады. Иа, мойындаймын банальды тақырып махаббат туралы. Дегенмен, Наталия Медведева өте талантты актриса. Оның "Комеди вумен" рөльдерінен ерекше екенін білетінмін. Бір жағынан Наталияны романтикалық рөльден көру біртүрлі болды, себебі оның не ұсына алатын білгендіктен күтпеген ем.

Жігіті тастап кеткен қыз интернеттен онлайн, әрі тегін кеңестер іздей бастайды. Солай ол "30 кездесу" атты треннингке тап болып соны орындай бастайды. Киноның фишкасы - ол кинодан сіз өзіңізді көруіңіз мүмкін. Мысалы, мен интернет арқылы қаншама жігітпен таныстым, мойындау керек барлық кездесуім керемет болды дей алмаймын))) Сол сияқты кинода да "ерекше адамдармен ерекше кездесу" тізбегі өтеді. 

Кино да өмірдегідей көктен іздегенін қасыңдағы адам болып шығады. Бастысы адамның өзіне деген сенімділігі. Егер сіз өзіңізге сенсеңіз сізге адамдар өздері тартыла бастайды. 

Кино өте қызықты, күлкілі. Ауыр жұмыс күнінен кейін романтикалық көңіл-күйге бөленіп сүйіктіңмен немесе құрбыңмен күліп отырып көретін жақсы кино. Берер бағам 3/5.