Киберспорт және компьютер ойындары

Киберспорт және компьютер ойындары
жеке
блог

Киберспорт – компьютер ойындары арқылы өткізілетін топтық жарыс түрі. Киберспорт тарихы 1997 жылдан бастап, CPL-ның  (The Cyberathlete Professional League) құрылуынан және де олардың Quake атты компьютер ойынынан турнир өткізуінен бастау алады.

Киберспорт дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан «спорт» ретінде саналады. 1997 жылдан бастап осы кезге дейін турнирлер әр жыл сайын Warcraft III, LoL, Dota2, Counter-strike және де Starcraft атты компьютер ойындарынан өткізіліп келеді. Бұған қоса киберспорт дамыған Россия, Корея, Қытай секілді мемлекеттерде киберспортсмендерді оқытып шығаратын кафедралар осы жылы, яғни 2015-і жылдан бастап студенттер қабылдауда.

Бұл блогта неге мен киберспорт туралы жазғым келді деп ойлайсыздар? Бір жағынан қарасаң, компьютер ойнайтын адамды спортсмен деп атау қиын, тіпті бұны күлкілі десе де болады. Бірақ, менің ойымша, ойыншыны киберспортсмен деп атау, ойыншының өз-өзіне сенімін ұлғайтады. Ол турнирлерді ұтқандағы ұтыс ретінде ол киберспортсмендердің алатын ақшасының өзі айта тұрарлықтай нәрсе. Мысалыға, осы жазда АҚШ-тың Вашингтон штатындағы Сиэтл қаласына өткен DOTA 2 ойынынан бесінші рет өткізіліп тұрған чемпионатта бірінші орын алған командаға $6 616 014, яғни әр ойыншыға $1 миллионнан астам, ұтыс берілді. Мұншалықты үлкен сумманы тіпті әлемге әйгілі футбол чемпионаты FIFA-ны ұтқан ойыншылар алмаған.

Бұл жетістіктер киберспортты алдыңғы қатарлы дамып келе жатқан спорт екенін көрсетеді. Осылай болса, неге киберспортқа қазақстандықтардың көңілін бұрмасқа?

Қазақстанның өзін ғана алып қарасақ, киберспорт жайлы студенттер мен мектеп оқушылары болмаса, ешкім айтып жүрген жоқ. Бәрінің айтатыны не? Компьютер ойындары жаман. Менің ойымша, миымызда қатты тамырмен жабысып алған осы секілді ойларды түп тамырымен жойғанымыз абзал. Компьютер ойындарының жаман жағы бар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ, жақсы, пайдалы жақтары да бар екендігін де ұмытпағанымыз абзал. Компьютер ойындары адамның ойлау қабілетін 2D-кеңістігінде ғана емес,  3D-кеңістігінде ойлауын дамытады.

Сіздердің көпшілігіңіз келіспеулеріңіз мүмкін, бірақ, менімше, болашағымыз осы компьютерлерде болатындығын айтқым келіп отыр.