“Өмір ме, адреналин ба?” немесе “әлемдегі 5 ең қауіпті жер”

“Өмір ме, адреналин ба?” немесе “әлемдегі 5 ең қауіпті жер”
жеке
блог

Шіркін, саяхаттау кімге ұнамайды десеңші... Өзге жердің табиғатына тәнті болып, ерекшеліктерін тамашалау жанға бір рақат әкелері сөзсіз. Біреулер жаңа сезімдерді бастан кешіп, өмірдің тәттісін сезіну үшін ерекше, қайталанбас елді мекендерді таңдап, көруге тырысады. Алайда, бұл қайталанбас көріністер қанша таңсық болғанымен, өмірге қауіп тудыруы да мүмкін. Неге дейсіз ғой? Келесі мысалдар жер бетінде туристтер үшін ең қауіпті жерлерді сипаттайды.

     1. Хуашань тауы - әлемдегі ең қауіпті жерлердің қатарына кіретіндігіне қарамастан, ол Қытайдағы туристтік орындардың ішінде ең танымал болып табылады. Былайша айтқанда тіп-тік баурай мен мыңдаған кішігірім баспалдақтар Хуашань тауына жоғарлауды қиын, қауіпті және әсерлі етеді. Сондықтан болар, жыл сайын қауіпсүйгіш туристтер осы тауды өздеріне бағындыруға талпынады.

Хуаньшау Тауы

 2. Ал Хуссаин көпірі болса, ол әлемдегі ең қауіпті көпірлер бестігіне кіріп, сонымен қатар, оны ешқанан ешкім жөндемегіндіктен жыл сайын тек қауіптірек болуда.  2011 жылға дейін бұл көпір Пәкістандағы Борит көлін кешіп өтетін жалғыз көпір болып келді.

 Хуссаин көпірі

 3. Троллтунга атты Норвегиядағы жер, аудармасында Тролль Тілі деген мағынаны беріп, өзінің атына сай болып табылады. Бұл жер Норвегиядағы ең танымал жерлердің бірі болып келеді. Ол мыңдаған жылдар бойы құздарды егеумен болған мұздықтардың арқасында пайда болды. Бұл Троллтунга тағы қанша жыл бойы тұрады екен? Мен оның ең соңғы саяхатшысы болғым келмес еді…

 Троллтунга

 

4. Мон Бландағы әйнек қорапша. 3840 метр биіктіктегі шыны бөлігінің ішінде тұрғысы келетіндер үшін керемет қой. Бұл әйнек қорапша Еуропадағы ең биік шыңның үстінде орналасқан, ал астыңызда болса - үшкір құздар. 

Мон Бландағы әйнек қорапша

 

5. Виктория сарқырамасы немесе Жын Бассейні. Көзтартарлық сурет түсіру үшін қаншалықты алысқа бара аласыз? Оңтүстік Африкадағы биіктігі 108 метр сарқыраманың шетіне жата алар ма едіңіз? Ия, туристтер бұл бассейндегі өлімнің пайыздық қатынасы басқа жерлерге қарағанда жоғары екеніне қарамастан бұны жасауды жалғастыруда… 

Виктория сарқырамасы немесе Жын Бассейні

 

Бәрін көріп, жаңаша сезіну мұндай қауіпке тұрарлық па, қалай ойлайсыздар? Меніңше, әрине, адреланин сезіну жақсы ғой, өмірдің қызыға да сол шығар, бірақ сондай бір саяхатта өміріңнен айырылып қалсаң, онда қызық қайда?