Массагет сайтындағы мақалалардың саны 30 мыңға жетті

Массагет сайтындағы мақалалардың саны 30 мыңға жетті
жеке
блог

Массагет сайтындағы мақалалардың саны 30 мыңға жетті.  3 жастан асқан сайт үшін бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.

Сайтымыз әлі жас. Кемшіліктер де бар. Дегенмен сол кемшіліктерді жойып, оқырмандарымызға қызмет етуді жалғастыра береміз.

Қалай болғанда да сайтымыз 3 жылдан астам уақыт ішінде жастардың сүйікті порталына айналды деп ойлаймын. Бүгінде мектеп оқушылары мен студенттер оқу процесіне қатысты ақпараттарды біздің сайттан еш қиындықсыз алады. Өзін дамытқысы келетін жандар үшін де Массагет сенімді серікке айнала білді. 

Олай болса, 30 мыңды еңсеруімізбен баршаңызды құттықтаймын. Сайт ұжымының еңбегін бағалап, қонақ болып тұратындарыңыз үшін алғыс айтамыз.