Мен - мен едім, мен едім! (байқау)

Мен - мен едім, мен едім! (байқау)
жеке
блог

Сәлем бердік ардақты  Алаш жұрты!

Мен Зелимхан Аппазбекұлы – адамзаттың алғашқы қоныстарының бірі оңтүстік өңіріненмін. Ең алдымен қадір-қасиет айы - Рамазан мүбарак болсын! Аллаһ Тағала ниеттеріңізді қабыл етіп, баршамызға 2 дүние жақсылығын нәсіп етсін! Жаратқан баршаңыздың ниеттеріңізді қабыл алсын! 

Өмірлік ұстанымым: Алаштың ғана ұлымын, Алланың ғана құлымын!

Өзім массагетті ерекше құрмет етемін; бұл сайттан тұтас қазақ болмысын сезінемін. Өмірге  қажетті ақпараттар жинақталған, барынша көп саланы қамтыған: мәдениет, спорт, саясат, психология, техника және тағысын тағы. Бұл сайт мені өзіне баурап алды. Маған бұл орта қатты ұнайды. Бұл байқау оқушыны өз үстінде дамуына көп септігін тиізеді, сондықтан бұл байқау қатысушысы болуға ниеттендім. Байқау арқылы көп тәжірибе жинақтауға мүмкіндігіміз молынан. Осы орайда футбол аңызы Зинедин Зиданның сөзі есіме түсіп отыр: қателік жібермеу үшін тәжірибе жинау керек, ал тәжірибе жинау үшін қателесу керек. Менің ең сүйікті және ең көп ақтаратын айдарым – спорт бөлімі. Мен нағыз футбол жанкүйерімін. Кумирім – Криштиану Роналду. Сүйікті клубым сәйкесінше – корольдік Реал Мадрид.

Спорт – денсаулық кепілі. Футбол десе ішкен асымды жерге қоятындардың бірімін. Профессионал футболшы болуды армандаушы едім бұдан бірнеше жыл бұрын, оған  ата-анам ризашылығын бермеді. Олар менің допты емес, білімді қуғанымды абзал көрді. Сол үшін де футбол мектебіне бермей ауданымыздағы Дарын мектебіне түсірді. Футболшы болмайтыным үшін кейде қынжылам, бірақ ата-анамның *болашақ – білімдінікі* деген сөзін есіме салып ізденісімді ары қарай жалғастыруға асығам. 

Сонымен қатар мен музыка тыңдап ән айтқанды да ұнатамын. Мектепте сыныптастарымның арасында Қайрат Нұртас деген әзіл атым да бар)). Олай айтатын да жөні бар. Қайрат ағамның өлеңдерін тыңдап кейде шырқап та жүрем.

Қайрат Нұртастан бөлек Музартты және де ресейлік Иван Дорн,  Англиялық  Джеймс Блантты тыңдаймын, оның сен сұлусың(You are beautiful) әні жүрек тебірентерлік жанға майдай жағымды.

Кейде шабытым келген сәтте өлең жазатыным да бар. Осы уақытқа дейін бірнеше тақырыпты қозғаппын. Ал бұл саладағы пірім, Хан тәңірінің Мұзбалағы – Мұқағали Мақатаев. 

Әрине бітіруші сынып оқушысы болғандықтан басты назарда ҰБТ(ұлттық бірыңғай трагедия (қалжың)). *Генерал болуды армандамайтын әскер әскер емес* демекші бітіруші сынып оқушысы болғандықтан 125 балл - менің де арманым. Осы балды жинау үшін өте жақсы дайындықтың керегі айдан анық. 

Өмір – теңіз, жүзем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Менің өмірдегі бағалайтын ізгіліктерім – имандылық, отбасы құндылығы мен адалдық. Егер бұл құндылықтарды сақтайтын болса адамзаттың алмайтын белесі болмасы анық.

 Мақсат жетістік желкені. Ал сол желкенім енді жақсы жетістіктерге жеткізе гөр. 

 Сонымен құрметті Массагеттіктер іске сәт! Алға Мұзбалақ!

..