Мақсат – жетістік желкені! (байқау)

Мақсат – жетістік желкені! (байқау)
жеке
блог

Қайырлы күн, қадірлі достар! Сіздермен қайта қауышып отырғаныма қуаныштымын. Бүгін мен байқау аясындағы екінші блогымды жазуға бел будым. Қысқа уақыт мерзіміне жоспарланған мақсатымның жоспарымен бөлісуді ұйғарып отырмын. Ол үшін алдымен өзімнің нені қалайтынымды айқындап алғаным жөн болар. Адам баласы өмір бойы даму үдерісінде күресіп өтеді. Мен де жеке тұлға ретінде даму үшін алдыма сүбелі мақсат қоймақпын. 

Көзделген мақсатқа бірінші қадам – әрекеттер жоспарын құрастыру. Әрекеттер жоспары уақытты тиімді пайдалануға көмектеседі. Бұл міндетіңе баратын жолдағы негізгі тармақтардың бірі – мектепті табысты аяқтау, отбасы істеріне араласу, тіпті қоғам өміріне араласу да болар. Сонымен қатар, хоббиді де үнемі алып жүру қажет. Мұның бәрі біздің өміріміздің құрамдас бөлігі. Өмірдің мәні алдымызға қойған мақсаттарымызда болмақ. Мақсатсыз өмір сүру, мәнсіз, мағынасыз ғұмыр кешу деген сөз. Бізді алға жетелейтін де сол – мақсат. Ендеше мен өзімнің алға қойған мақсаттарыма Массагетпен бірге тезірек жетемін деген ойдамын. Екінші блогтын талаптарына орай, мақсаттарымды тізбектей жазып көрейін. 

1. Шет тілін меңгеру
2. ҰБТ-дан жоғары балл жинау
3. Воллейбол ойынындағы біліктілігімді дамыту

Қазіргі қоғамның жылдам даму үдерісіне сіңісу үшін жан-жақты әрі көп тілді меңгерген адам болу керек. Кез келген қоғамға бейімделе алатын тұлға ретінде қалыптасу үшін менің де орайымда ағылшын тілін үйрену тұр. Сондықтан өмірден өз жолын табуға, беделді кәсіпті игеруге, өзіне және отбасына жақсы көңіл-күй, жарқын болашақ сыйлауға тырысқан адамдар үшін шет тілдерін білу қажеттілігі туындап отыр.

Ағылшын тілінде сөйлеу – сол тілді тану дегенді білдіреді. Айта кетсек, бүгінде ағылшын тілі ғаламдық кеңістікте ең қөп қолданылатын беделді тіл болып саналады. Осыған орай, өзімнің болашақта таңдар мамандығым да шет тілімен тығыз байланысты болмақ. Қазіргі заман адамға жан-жақты болуды қажет етеді. Сондықтан басқа тілді меңгеру артық етпейді. Бұл мақсатыма жету жолда Жолдас ағаның көп көмегі тиері сөзсіз. Ағылшын тілін меңгеру үшін: 

1. Сөздікпен жұмыс жасау
2. Қосымша сабақтар алу
3. Онлайн жаттығулар жасау

Екінші мақсат мені толғандырып жүрген мәселені шешуге бағытталған. Нақтырақ айтар болсам, Ұлттық тестілеуден жоғары нәтиже көрсеткім келеді. Ал ол үшін тек қана аянбай еңбек етіп, білім іздеу қажет.

Расында, 11 жыл бойы жинаған білімімізді 3-5 сағаттың ішінде көрсету қиын. Оқушының жоғары оқу орынына түсуі үшін және грант иегері атануы үшін оның жоғары балл жинауы қажет. Мен де Аллам қолдап жатса жоғары балл жинап өзім таңдаған оқуыма түсіп, оны өте жақсы бағамен аяқтап, сол мамандығыма байланысты қызмет еткім келеді.

ҰБТ-дан жоғары балл жинау үшін:
1. Осы кезге дейінгі өткендерді қайталау
2. Онлайн сабақтар алу
3. Қосымша кітаптар оқу
4. Онлайн тесттер орындау
5. Өз біліміңе сенімді болу қажет
Менің ең сүйікті спорт түрлерімнің бірі – воллейбол.

Аталған спорт түрінен шебер атанғым келеді.Ол үшін әрине ойындағы біліктілігімді арттыру қажет. Бүгінде воллейболмен айналысқаныма 4 жылдай болды. Ауылдық, аудандық деңгейлерден жеңіске жетіп, соңғы кездері енді облыстық деңгейдегі жарыстарға да шығудамыз. Ал алдағы уақытта облыстық деңгейден жеңіске жетіп республикалық ойындарға қатыссақ деймін. Ару қыз Сабина Алтынбекова сынды ұлттық құрамада өнер көрсеткім келеді. 
Өзім ауылдық жерде тұратын болсам да, мұнда спорт жақсы дамыған. Воллейбол спортында жеңіске жетіп ауылымыздың, мектебіміздің атын шығару менің негізгі армандарымның бірі. Ол үшін:

1. Күнделікті дене қыздыру жаттығуларын жасау
2. Секіру
3. Жүгіру
4. Доп соғу
5. Ойнау

Мінеки өздеріңіз оқып, күә болып отырғандай, менің алдағы екі айда айналысатын жоспарым. Шындығында мұны жоспарлап қойғаныма біршама уақыт болды. Сосын Массагет порталының байқауын көріп, біздің ойымыз бір межеден шыққанына қатты қуанып, қатысуға бірден бел буған болатынмын. Бұл мақсаттарыма Массагетпен бірге жететініме сенімдімін. Топтық сайыста барлық топ бірлесіп, ұжымдасып бір-біріне көмек көрсетеді. Топ жетекшілері мен байқауға қатысушылар ой бөлісіп, өз ойларын ашық жеткізе алады. Осылай Massaget.kz танымдық сайтының арқасында мен республика деңгейінде өз замандастарыммен пікір алмасу мүмкіндігіне ие болудамын. 
Топтық жеңіс бұл топ мүшелерінің бәрінің атқарған жұмыстарының нәтижесі. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Сіздермен өз ойымды бөліскеніме өте қуаныштымын. Алдағы уақытта да сіздермен бірге боламын деген үміттемін. Сау болыңыздар!!!