Менің атым - Кәусар (байқауға)

Менің атым - Кәусар (байқауға)
жеке
блог

Менің атым – Кәусар. «Кәусар» Құрандағы ең әдемі сүрелердің бірі және жұмақтағы бұлақтың аты. Мен өз атыма сай болуға тырысамын! Мен АҚШ Калифорнияда, Солтүстік Давис мектебінде оқимын. Мен мектебімдегі жалғыз ҚАЗАҚпын. Мені барлығы жапон немесе қытай дейді. Мен оларға өзімнің ұлтымды айтамын. Мен Қазақпын. Оларға Әл-Фарабидің қазақ болғанын айтып мақтанамын. Мен университетті бітірген соң Астанаға қайтып, бақытты өмір сүргім келеді.

Мен өсіп үлкен болғанда атақты аспаз болғым келеді. Менің сүйікті тұлғам – Джеймс Оливер. Мен анамның ішінде жатқан кезінде анам оның теле шоуларын үнемі көріп отырған. Содан шығар, мен де Джеймс Оливерді жақсы көремін. Сол секілді денсаулыққа пайдалы тамақтар ойлап тауып, адамдардың көп өмір сүруіне көмектескім келеді. Ол әлемдегі ең атақты аспаз және Юнайтед Кингдомда қырық жыл бұрын туылған. Оны барлық адамдар секілді Куин Элизавета да ұнатады. Маған қатты ұнайтын аспаз шоулары Jamie & Jimmy's Food Fight Club және  Jamie's 15-Minute Meals. Және оның аса қызықты кітаптары өте көп.

Сүйікті істерім - Мен түрлі тастар жинаушы коллекционермін. Бұл өте қызықты. Әр тастың қызық қасиеті бар. Бұл туралы алдағы уақытта үлкен қылып жазамын.

Кітапханада көп болғанды ұнатамын. Мен кітапты оқығанды ұнатамын. Маған кітаптардың иісі ұнайды. Маған әсіресе Элизавета Дами ұнайды. Оның Жеренимо тышқан туралы кітаптарын оқып бастаудамын.

Бос уақытымда кітап оқимын және картун көремін. Маған Диснеудің картундары ешбір ұнамайды. Микки Маустың түрі көңілсіз. Маған DreamWorks-тан «How to train your dragon» қатты ұнайды.

Байқауға қатысқан себебім – мен жазғанды ұнатамын және өте көп жаза бергім келеді. Сосын «Массагет» сайтынан қазақ тілінде ертегілер оқығым келеді.