Мақсатымызға бірге жетейік(байқау)

Мақсатымызға бірге жетейік(байқау)
жеке
блог

Цель

Жаның тарығып,басуға аяғыңда дәрмен жоқ,кірпіктеріңнің айқасуының өзі бір мұң,шаршап қалжыраған сен,елестетші?!Бірақ сен құзар шың басына бір қадамнан соң жетесің.Аяғыңды басуға бір күш итермелейді,тап бір лай топыраққа батып бара жатқан гүлді жұлып алғандай ,от кеудең дене күйзелісіне төтеп беріп,сені алға қарай қадам бастырады.Міне,құзар шың басы,қандай сезімдесің?!Тарыққан жаның бусанып, дәрмені жоқ аяқ-қолдарың нық тұрып,әлсіз жанарың жайраңдап,сол бір ұзақ уақыт бойы қалжыраған күйіңді ұмыттың да кеттің,неге?Себебі,сен мақсатқа жетудің қандай екенін түсіндің.Өмір де солай ,мақсатқа жету жолы оңай емес.Бірақ,қиындықсыз мақсатқа жету ,ол,ол онда мақсат емес. Мақсатқа жету атты тылсым сезімнің игері болғың келсе,сол үшін күрес.Бәрі ,бәрі сенің өз қолыңда...

Сәлем,Массагет оқырмандары,екінші блогымды бастауды бүгіндікке жөн көрдім.Жастайымнан мені үйдегілер ,алдыға мақсат қоя білуге үйретті.Сондықтан ба ,мақсат қойып орындау мен үшін қиындық туғызбайды.Жалпы мен мақсатты орындау тактикасын өзіме құрастырып алғанмын. Мен мақсатты екіге бөлемін Уақыттық мақсат және Дәл мақсат .Уақыттық мақсат Дәл мақсатқа жету жолында қызмет етеді.Мақсаттарымды сіздерге тізбектесем

       Дәл мақсат

1.Мектепті жақсы аяқтап,жақсы оқу орнына түсу.

2.Әке-шешемнің үмітін ақтау

3.Білікті маман иесі болу

     Уакытша мақсат

1.Ағылшын тілін меңгеру

2.Ораза айында(жалпы әр уақытта) елге жақсылық жасау

Дәл мақсатқа жету үшін оның жолында кішігірім мақсаттар орындалуы тиіс деп ойлаймын.Дәл мақсаттағы 3 мақсатты орындау үшін маған ағылшын тілін білу керек .Мен ағылшын тілін осы жаздық демалыста үйренемін деген алдыма жоспар қойғанмын.Елге көмек беру бұл да менің мақсатыма жатады,себебі,адам тұлға болып қалыптасуы үшін,оған игі істер көмектеседі.Осылай уақытша мақсаттар арқылы бал жинаған араша өзімнің үлкен мақсатыма жетем деген ойдамын.Алдағы жоспарым,массагетпен бірге уақытша мақсатымды жүзеге асыру.Осыдан бір ай бұрын менің уақытша мақсатым грим жасағанды үйрену болатын,ол мақсатым орындалып,тіпті қазір хоббима айналып кетті(алдыңғы блогта айтқанмын).

гримгрим

Міне ,мақсаттарым орындалған сайын бойымды қуаныш кернеп,жаңа мақсаттарға асығамын.Өмірлік мақсатқа жету үшін алі талай тырысамын. Мақсатқа жету үшін адам өз-өзін жеңе білуі керек.Неге десеңіз,адам өзін-өзі тәртіпке салмайынша,оны ешкімде,ешқашанда өзгерте алмайды.Мен үшін бұл байқауда жеңу емес ,өзін-өзі жеңе біліп,мақсатына жету нағыз жеңіс деп білемін.Бәрімізде мақсаттарымызға жұмыла жетсек ,міне,бұдан асқан жеңіс бар ма?!

Байқауға қатысып,әрбір мақсат жолында жасаған жұмыстарымды сіздермен бөлісемін,сіздер қолдасаңыздар,одан әрі өзіме күш алып ,өз шыңыма шығамын деген ойдамын.Сол себепті де,байқауға қатысқанмын.

Барлығымыз "Рахмет,Массагет біз өз мақсатымызға жеттік " деп қуанатын күннің әлі алыс емес екенін жүрегім сезеді. Нәтижелі нәтиже болсын деген ниетпен сөзімді аяқтайын.Жазған оқушы Сетеш Саламат "Парасат " тобының мүшесі.