"Керемет" немесе оның қызметі хақында

"Керемет" немесе оның қызметі хақында
жеке
блог

  Студенттер қатарынан бірнеше зертханалық жұмыстар мен лекциялардан шаршап, кітапханадан шықпай, кітаптан бас алмай жүргенде көңіл – көтеру үшін дәл осы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына келе алады. Себебі, мұнда, сонымен қатар, жеке кинотеатр, кафе, сұлулық салоны, ательелер де жұмыс атқарады. Оптика немесе дәріхананы сырттан емес «Кереметтен» оңай табуға болады. Бұл, әрине, әрбір студентке таныс дүниелер. Себебі, қажеттіліктерімізді орталықтан табу өте ыңғайлы әрі оңай.

     «Керемет» біз үшін 3 қабатты әмбебап орталыққа айналды. Ашылғанына небәрі бір жыл ғана болса да, көпшіліктің ең көп баратын орталығына айналып та үлгерді. Баршамызға таныс университеттік ұйымдарымыз да өз қызметін дәл осы «Кереметте» жүзеге асырып отырады. Олар «Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері», «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, Студенттер сенаты, Студенттік жоғары жатақхана қызметі, Студенттік ғылыми орта, Болондық жүйе бойынша студенттік бюро, «Көмек», Факультеттердің студенттік декандары, Дебаттық клубтар. Ұйымдар бөлек атаумен немесе әртүрлі қызметті алға қойған болса да мақсаттары бір. Барлық ұйымның жұмысы – біздің сүйікті университетіміз Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ игілігі үшін. «Кереметте» бәрі бар. Үнемі студенттердің жағдайын жасап, көмегін аямайтын біздің мақтанышымыз – «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығына алғысымыз шексіз. Рахмет саған, «Керемет»!!!

Авторы: Жаншуақ Бектұрсынова