Соғыс ардагерлері туралы кітап қазақ тіліне аударыла бастады

Соғыс ардагерлері туралы кітап қазақ тіліне аударыла бастады
жеке
блог

Оқырмандар үшін жақсы жаңалығымыз бар. Массагет сайты саясаттанушы Қазбек Бейсебаев құрастырған "Ер есімі – ел есінде. Мы помним. Мы гордимся" кітабын қазақ тіліне аударуды бастап кетті. Бұл фото-кітап Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің ұрпақтары жолдаған деректер мен суреттерді топтастырған.

Кітап автордың Facebook желісіндегі тобында жарияланған деректер мен өзінің мұрағатындағы материалдардың негізінде құрастырылып шыққан екен.

в

Оның жазылу тарихы туралы автор былай дейді: "Фэйсбукте ҰОС тақырыбындағы деректер жарияланып тұратын тобым бар. Оның жұмыс жасап тұрғанына 2 жылдай болды. Кейін бір кісі осыларды кітап етіп шығарайық деп ұсыныс жасады. Былтыр қазан айынан бастап жұмысқа кірістік. Топтың мүшелері өздерінің аталары туралы мәлімет жіберді. Кітапты шығаруға бас-аяғы 60 шақты адам қатысты".

Аталған кітаптағы қызықты деректердің қазақша нұсқасын тек біздің сайттан оқи аласыздар. Бізден ажырамаңыздар.