Көкшетауда Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өтті

Көкшетауда Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өтті
жеке
блог

2015 жылдың 29 сәуірі сағат 17:00-де «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» Жастар қанаты Көкшетау қалалық бөлімі жастардың Ауған соғысы ардагерлерімен кездесуін ұйымдастырды.

Шара мақсаты – аға буын ұрпаққа құрметпен қарауды қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар арасындағы үнқатысуды қамтамасыз ету.

Кездесуге Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары – Валентина  Алексеевна Соломина, Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері Кеңесінің төрағасы Дуанбай Қазыбайұлы Ыбырай, ауған соғысы ардагерлері мен А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетінің студенттері қатысты.

            «Әрбір соғыстың ерекшелігі бар. Ауғанстандағы соғыс та басқаларынан өзгеше болды. Бұл соғыстың өзіндік амалдары, жол-тәсілдері болды. Майдан мен тыл айқындалмаған, шекара мен ережелері жоқ еді. "Дұшпаны кім, оның қайда екені?" түсініксіз болып, көмескі еді. Бірде мүлдем жоқ, кейде айналаның бәрі қас дұшпандай болып көрінді. Бүгінгі жақтасын ертеңіне жау жағына ауысатын және керісінше де  оқиғалар болып тұрған. Бұл біздің жер емес, жәрдемдеспейтін. Кеңес сарбаздарын дұшпандарға қарсы соғысуды үйретпеген, сынақ-қателер арқылы әскери хикметтерді аңғардық. Қателіктер көп жандардың өмірін қиды. Сырт көзге қарапайым көрінетін диқаншы тәжірибелі жарғыш болса, жасөспірім немесе әйелдер барлаушы болатыны таң қалдырмайтын. Бірдеңеге соқтықпайе кімге сенетінімізді білмейтінбіз» - деп жасотандықтармен Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері Кеңесінің төрағасы Дуанбай Ыбырай бөлісті.

«Бүгін мен Ауғанстанда болған қайғылы жағдайлардың куәгерлерінен естіп, бейбіт  мемлекетте өмір сүрудің қандай бақыт екенін түсінуге ой қозғадым. Біз - ешқашан соғыс көрмеген Тәуелсіздіктің жаңа буынымыз. Ауғанстанда бауырлас халық үшін соғысқан ақмолалықтармен мақтан тұтамын» - деп толғанып белсенді Юлия Трищ ойын жеткізді.

Аға буын өкілдері мен жастар еркін түрдегі диалог құрып, соғыстағы сарбаздардың ерлігі, қазіргі таңда жастардың отансүйгіштік тәрбие мәселелері, отандастырымыздың әскерде  борышын өтеу туралы қызу сөйлесті.