"Жазығым не, мама?"

"Жазығым не, мама?"
жеке
блог

Күн сәулесі бетімді сипап, таң шуағы әлемді жарық нұрға бөлеген сәттен бастап жыбыр-жыбыр қимылдаған тіршілік иелерінің тынымсыз қозғалысы басталып кетті. Бір күнімнің бір күнімнен аумай өтіп жатқаны жалықтырғасын не істерімді білмей жатақханамның алдында орналасқан 28-панфиловшылар гвардиясы атындағы паркке еніп кеттім. Қолыма кітабым мен қойын дәптерімді қоса алып шығып, бос орындықтардың біріне жайғасып кітабымды оқып отырғанымда қалта телефоным шырылдап қоя берді. Әуелі қоңырауға жауап бергім келмей аз ерінгеніммен, маңызды шаруа шығар деп тұтқаны көтердім. Жатақханада көрші бөлмеде тұратын 3-курста оқитын Ринат ағам:

-Жанұзақ, келмейсің бе театрға?-деді.

-А, менде билет жоқ қой.

-Билет 18де Адонның жүкаяғында(тумбочка) тұр, ал да кел. Әлі басталған жоқ.

-м, көрем.

-келсей,                                                   

-жарайды, барам,-дедім де жатақханаға адымдадым.

Келдімде билетті алып Қазақконцерт залына бардым. Барсам сахналық катарсис басталғалы жатыр екен. Бір кезде жарық сөнді де басталып кетті. Билеттегі «Жазығым не, мама?»деген тақырыбынан-ақ мәні ұғыныңқы боларлық қойылым екенін сезсемде көруден жалыққам жоқ. Әрение, кәсіби әртіс емес екені көрініп тұр. ЖОО-ның студенттерінен құралған әртістердің жетімнің, қоқысқа тасталған тастандыларың, жастайынан тағдыр сынағына түсіп тауқымет тартқан бейкүна пәк сәбилердің кейпіне еніп,рөлін сомдауы  ет-жүрегімізді елжіретті.  Әрбір кейіпті, әрбір келеңсіз оқиғаға тап болған сәби өз мұңы шағып болғасын, артынан ән орындалып отырды. Гитараның сүйемелдеуімен орындалған ән сазы жүрекке жетіп жатты. Әрение, әртістердің сөзінің арасында «кабинет, киоск, ракета» деген қазақша баламасы болсада, қазақы нұсқасы қолданылмай жүрген сөздер кездесті. Жарайды, мұның өзін бір кемшілік етіп есептегеннің өзінде, басқа мін болған жоқ. Қысқасы, қойылым өз дәрежесінде өтті.

Осылай бір сарынды жалғасқан тіршілігімнің күндерінің біріне әр беріп, әрлендіре түскен қойылым да есте қаларлықтай болды.

 PS: Осы блогты жазып отырып, «тумбочка» сөзінің қазақша баламасын таппай қиналдым. Жатақханада бір бөлмеде тұратын, кезінде Қытайдан атамекенге оралған Ерсін деген жігіт болатын. Ерсіннің айтуымен жүкаяқ сөзін қолдандым. Әрение, мұның дұрыс-бұрыстығын кейінірек анықтай жатармын деп мақсат қойғанмен, мақсатқа алғашқы қадам ретінде оқырман талқылпауына салып отырмын. Сонымен, «тумбочка» сөзінің қазақша баламасы қалай, аймақтық жерлерде қалай қолданылады?